Енді заң талаптары азаматтарды келген жерінде тіркелуге міндеттейді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл міндеттеме «Халықтың көші-қон туралы» Заңында қарастырылған. Сонымен қатар, тұрғын үй қожайыны өз үйінде азаматтарды тіркеусіз тұрғызғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Азаматтарды тіркеудің басты міндеті – ішкі көші-қон үдерісін, аймақтың өңірлік және мемлекеттік даму бағдарламасын дайындау аясында әр елді мекендердің даму шамасын анықтау негізінде азаматтардың тіркелу санын бақылау болып табылады. Осы есептің негізінде жұмыс орындары, білім ошақтары, құрылыс нысандары, емханалар ашылады, инженерлік-техникалық құрылымдар дамиды», – деп атап өтті Г.Сәрсенова.
Сондай-ақ, ол тіркелу институтының әрбір адамның өз еркімен жүріп-тұруына шектеу қоймайтынын, халықаралық тәжірибеге сәйкес келетінін, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жоспарлауымен тығыз байланысты болатынын жеткізді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар