Универсиада Алауы бүкіл еліміздің аумағымен өтеді

Аймақтық штабтар 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың Алау эстафетасының облыс орталықтарындағы бағытын анықтау бойынша жұмысты аяқтады. Көкшетауда бұл эстафета екі кезең бойынша өткізіледі.

Аталмыш шараның басты мақсаты – Қазақстанның әр өңірінің ең жақсы тұстарын көрсетіп, ең бастысы, Универсиада алауын көтеретін студенттер, спортшылар мен жас ғалымдарды жұртшылыққа таныстыру болып табылады. Бес күн ішінде әрбір облыс орталығында алауды жағуға арналған өз салтанаты және эстафетаның өз кезеңі өткізілетін болады. Жалпы алғанда Универсиада алауы 22 500-ден астам шақырымға созылған жолды және оның 200 шақырымын алау көтерушілер жүріп өтпек. Студенттік ойындардың ресми әуе тасымалдаушысы – «Эйр Астана» компаниясы алауды аймақтардан Алматыға жеткізеді. Осылайша Эстафета алауы қалған 22 300 шақырымды Алматыға дейінгі жолда өткізеді. Ал, 29 қаңтарда Универсиада-2017 іс-шарасының ресми ашылу  салтанаты болады.
26 қаңтарда облыс орталығы Көкшетау қаласының Тәуелсіздік алаңында сағат 10.00-де алауды тұтату  салтанаты өтеді. Екінші кезең Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің алдында сағат 15.00-де басталады. Мұнда 30 алау көтеруші – ЖОО-ның студенттері, әртүрлі мекемелердің белді қызметкерлері,   Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау техникалық институты жол бағытында жүріп өтіп, ашылу салтанатының шарықтау шегі   «Көкшетау» мәдениет сарайының жанында өз мәресіне жетеді.   «Универсиада-2017 эстафетасы бірегей тұжырымдамаға сәйкес өткізілмек. Ұйымдастырушылар жобаны 16 дербес бөлікке бөліп, әр облысқа іс-шараны өздеріне бейімдеуге мүмкіндік берді. Енді бізде 16 бағыт анықталды, олар бір-бірінен ерекшеленсе де, бір бүтіннің бөлігін құрайды. Осылайша Алау эстафетасы Универсиада географиясын бір қаладан тұтастай бүкіл ел ауқымына дейін кеңейтпек», – деп атап өтті  Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров. Эстафета ең ұзақ жолды Алматыда жүріп өтеді. Мұнда алауды 100 адам 20 шақырымға созылған жол бағытында алып өтпек.  Универсиада алауы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында тұтатылып, Шымбұлақ, Медеу, Балуан Шолақ атындағы сарай, білім беру орталықтары мен қаланың көрікті орындарын аралап, Универсиада ашылу салтанатының шарықтау шегінде «Алматы-Арена» стадионында өз мәресіне жетеді.         
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар