Қызметке іріктеудің жаңа тәртібі

Қазіргі уақытта елімізде Бес институционалдық реформа – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Оның бірінші бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» болып табылады.

Осы орайда, қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңының  базалық нормалары құқық қорғау органдарын да қамтиды.  
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған заңның аясында құқық қорғау қызметіне қабылданатын азаматтар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және белгіленген мерзімде сол органда тестен өтетіні туралы норма қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы құқық қорғау қызметіне келетін азаматтарды тестен өткізу қағидаларына қатысты бұйрығына сәйкес, құқық қорғау қызметіне орналасу үшін үміткерлер заңнаманы білу деңгейін анықтайтын тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалау және әңгімелесу сияқты тестілеу бағдарламасы бойынша үш кезеңнен өтеді.
Заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу үміткерлердің теориялық білімін тексеруге бағытталған. Бірінші бағдарлама жоғарғы басқарушы құрамға арналған және 9 нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. Үміткерлер қойылған 135 сұрақтың 95-іне дұрыс жауап беруі қажет. Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрамның лауазымдарына арналған. Онда нормативтік-құқықтық актілер бойынша сұрақтар қойылады. Аталған бағдарлама бойынша 105 сұрақ қойылады, соның 63-іне дұрыс жауап берілуі тиіс. Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатардағы құрамға арналған. Онда 5 заң қарастырылған. Бұл бағдарлама бойынша 75 сұрақтың кем дегенде 35-іне дұрыс жауап берілуі қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бұл құжат бір жылға ғана жарамды болады.
Заңнамадан тестілеу қорытындысы бо-йынша сертификатты алған үміткерлер екі бағдарламадан тұратын тест нысанындағы жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.  Оның бірінші бағдарламасы бойынша үміткерлердің көшбасшылық, адамдармен тіл табысу, ұйымдастырушылық, талдау жүргізу, стратегиялық ойлау, әдептілік, сапаға назар аудару, сыбайлас жемқорлыққа төзбеуі секілді қасиеттерін анықтауға бағытталған 120 сұрақ беріледі, орындау уақыты 90 минут. Екінші бағдарламада дәл осы бағытта 96 сұрақ қойылады, онда орындауға 75 минут беріледі.  Кейін жеке қасиеттерін бағалаудың арнайы қорытындысы шығарылады. Жеке қасиеттерін бағалау үміткерлердің жақсы жақтары мен осал тұстарын, қабілеттерін анықтауға көмектеседі.
Тестілеу нәтижесі бойынша берілетін сертификат пен жеке қасиеттерін бағалаудың қорытындысы үміткерлерге барлық құқық қорғау органдарында өткізілетін байқауларға қатысуға мүмкіндік береді.
Тестілеуден өту үшін электрондық үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алдын ала жазылу қажет. Үміткердің өзіне ыңғайлы уақытын, өту күнін және тұрып жатқан қала, ауданын белгілеу мүмкіндігі бар. Тестілеу Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде  өткізіледі. Іс-шараның айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тестілеу залдары мобильді байланысты бәсеңдету құралдарымен,  кард-ридерлермен, фотоға түсіру және бейне жазба жүргізуге арналған веб-камераларымен жабдықталған. Тестілеуге Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын құжаты бар үміткерлер қатыса алады.  Үміткерлер тестілеуден өту үшін құжаттарды тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінен 40-27-98 телефоны бо-йынша немесе Көкшетау қаласы, Горький көшесі 73 (4 қабат, 408 бөлме) мекен-жайы бойынша ала алады.    
Райхан БРАТАЕВА,
Мемлекеттік қызмет істері  және
сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл
департаментінің  басқарма басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар