Универсиада Алауын алып жүрушілер анықталды

26 қаңтарда Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңында сағат 10.00-де Универсиада алауын тұтату  салтанаты өтеді деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Универсиада-2017 эстафетасы бірегей тұжырымдамаға сәйкес өткізілмекші. Ұйымдастырушылар жобаны 16 дербес бөлікке бөліп, әр облысқа іс-шараны өздеріне қарастыруға мүмкіндік берді. Енді бізде 16 бағыт анықталды, олар бір-бірінен ерекшеленсе де, бір бүтінді құрайды.
Осылайша Алау эстафетасы Универсиада географиясын бір қаладан тұтастай бүкіл ел ауқымына дейін кеңейтпекші», – деп атап өтті Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық және оны өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров.     
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жалпы алғанда Универсиада алауы
22 500-ден астам шақырымды құрайды және оның 200 шақырымын алау көтерушілер жүріп өтпек. Студенттік ойындардың ресми әуе тасымалдау-шысы – «Эйр Астана» компаниясы алауды аймақтардан Алматыға жеткізеді. Осылайша Эстафета алауы қалған 22 300 шақырымды Алматыға дейінгі жолда өткізеді. Ал, 29 қаңтарда Универсиада-2017 іс-шарасының ресми ашылу салтанаты өтеді.
 Біздің облысымызда да алауды алып жүрушілердің есімдері белгілі болды. Олардың қатарында 2013 жылы Трентинода  (Италия) өткен Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың чемпионы Татьяна Осипова, әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан, «Ерлігі үшін» медалінің иегері, төрт баланы ажалдан аман алып қалған полиция сержанты Данияр Аманжол, облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Тимур Ысқақов, қоян-қолтық ұрыс бойынша бапкер Дастан Рақымжанов және   жоғары оқу орындарының маңдайалды студенттері мен халықаралық студенттік спорт федерациясының өкілдері бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар