Өткен жылы облыстық тексеру комиссиясы он алты аудиторлық іс-шара өткізді. Үстеме тексерулерді ескере отырып, аудитке 243 нысанды тарттық.

Бюджет қаржысы тиімді жұмсалсын

Мемлекеттік аудит 86 864,7 миллион теңге болатын бюджет қаржысын, соның ішінде мемлекеттік органдарда 65 049,3 миллион теңгені, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 21 815,4 миллион теңгені қамтыды. Анықталған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 17 764,8 миллион теңгені, соның ішінде бюджет қаржысын пайдалану кезінде  7 171,1 миллион теңгені, мемлекет активтерін пайдалану кезінде 1 807,3 миллион теңгені, бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігін жүргізу кезінде  4 456,4 миллион теңгені, бюджет кірісіне түскен түсімдер бойынша 204,6 миллион теңгені құраса, тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты  2 217,4 миллион теңгені, сондай-ақ, рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтар 1 908,0 миллион теңгені құрады.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды талдау бухгалтерлік есеп, қаржы есептілігін жасау және ұсыну кезіндегі заң бұзушылықтар, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезіндегі заң бұзушылықтар көбейгенін көрсетті. Сонымен қатар, мемлекеттік аудит нысандарын әзірлеу кезеңінің өзінде  жеткілікті талдау жасалмайды және болашақта жұмсалатын шығындар дұрыс жоспарланбайды. Бұл бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына әкеледі.  Мүдделі адамдарды шақыра отырып, барлық аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары тексеру комиссиясының отырысында қаралған болатын. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған бюджет қаржысын қалпына келтіру және қайтаруды қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік аудит нысандарына анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нақты ұсыныс пен тапсырмалардың  нұсқамалары жолданды. Есепті кезең бойынша жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік басқару органдарына және аудит нысандарына анықталған заң бұзушылықтарды және жұмыстағы бар кемшіліктерді жою бойынша 519 тапсырма мен 49 ұсыныс жолданды. Тексеру комиссиясының нұсқамаларын орындау шеңберінде мемлекеттік аудит нысандары бюджет кірісіне 2 191,1 миллион теңгені қалпына келтірді. Заң бұзғандары үшін 347 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген міндеттер мен мақсаттардың шеңберінде тексеру комиссиясы лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамаған фактілер бойынша аудандық және қалалық мәслихаттарға 46 нұсқама жолдады. Тексеру комиссиясының қызметкерлері лауазымды адамдарға қатысты 96 әкімшілік іс қозғады. Құқық қорғау органдарында процессуалдық шара қолдану үшін аудиттің 117 материалы жолданса, өзге де өкілетті органдарға 221 материалы жолданды.
Жалпы алғанда, тексеру комиссиясы анықтаған заң бұзушылықтарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын сақтамаудың, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары тарапынан бюджет қаржысын пайдалануға тиісті бақылаудың болмауының, қаржы тәртібінің деңгейі төмендігінің салдарынан жол беріліп отыр.
Сондай-ақ, тексеру комиссиясы тұрақты түрде қаржылық заң бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Өткен жылы тексеру комиссиясы Атбасар, Аршалы, Бұланды, Сандықтау аудандарында және Көкшетау мен Степногорск қалаларында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің құқықтық қолдануының ең өзекті мәселелері бо-йынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен, аудандардың (қалалардың) кәсіпорындарымен бірге семинар-кеңестер өткізді. Мұнда бюджеттік қаржыны пайдалану кезінде жиі жіберілетін олқылықтар талқыланды. Биылғы жылы да қаржылық заң бұзушылықтың алдын алу бойынша осындай жұмыстар өз жалғасын табады. Өйткені, бұл тексеру комиссиясы жұмысындағы келелі міндеттердің бірі деп білеміз.
Мереке МҰСТАФИН,
облыстық тексеру комиссиясының  төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар