Атбасарлық тимуршылар көмегі

«Тимуршылар»  қозғалысы  Кеңес  заманында  кең таралған үрдіс болатын.  Ол кезде   мектеп оқушылары көмекке  мұқтаж  қарттардың  үйлеріне барып,  оларға  суын тасып, отынын жарып, үйлерін тазалап дегендей, қолғабысын тигізетін. Бүгінде сол үрдіс қайта жалғасын тауып жатыр.

Жаңа жылдың басында  Атбасар қаласындағы  мектеп  оқушылары жасы егде тартқан Тамара Геннадьеваның үйіне барып, ауласындағы қалың қарды тазалап, үй шаруасына көмектесіп қайтты. Осы  қозғалыстың  белсендісі Герок Эвальдтың айтуынша, жақсылық жасаған адамның көңілі шаттыққа кенеліп, бойында  мейірімділік, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер орнығады.
«Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет» демекші, қарттарға қамқорлық көрсетіп жүрген бұл жастардың еңбегі мақтауға тұрарлық.   Олар үй шаруасына ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар, үлкендердің айтқан әңгімелерін тыңдап, кеңестері  мен   ақ баталарын   алады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар