Дұрыс тамақтана білесіз бе?..

Қазақ «ауру – астан» деп текке айтпаған. Аурудың көбі ас арқылы келетінін бүгінгі медицина да растайды. Асқазан ауруларының көбеюі, артық салмақтың пайда болуы, орташа өмір сүру деңгейінің қысқарып, қартаюдың жеделдеуі – бәрі дұрыс тамақтанбаудың салдары десек, асыра айтқандық болмас.

Ауру – астан
Ертеректе бір кісі данышпан ғұламаға келіп «мынау менің ұлым, соның қандай екендігін және болашағы жайлы айтып беріңізші» деп сұрапты. Сонда данышпан «балаңыздың достарын әкеліңіз, сонда оның қандай адам екендігін айтамын» деген екен. Сол сияқты бүгінде біреудің денсаулық жағдайының қандай дәрежеде екендігін білу үшін оның не ішіп, жейтінін анықтаса, бәрі белгілі болады.
Мәселен, етті, майлы тағамды көп жейтіндердің арасында артық салмақтан азап шегіп, бүгінде белең алып кеткен қан тамыры, жүрек аурулары көп кездесетіні белгілі. Керісінше, вегетериандар-дың, яғни көбіне көкөніс жейтіндердің арасында мұндай құбылыс көп кездеспейді. Осыған орай, соңғы жылдарда адамдардың арасында ет тағамдарынан бас тартып, вегетериан болуға ынталылар қатары өсе түсуде.
Қазақтың тағы бір жаман әдеті – жатарда тоя тамақ ішу. Ұйықтар алдында тойып тамақтану асқазанды ғана емес, жүйке жүйесінің жұмысын да бүлдіреді дейді ғалымдар. Өйткені, тойып тамақ ішіп ұйықтаған кезде мидың белгілі бір учаскелері үздіксіз жұмыс істейді екен. Осыған байланысты қанша ұйықтағанына қарамастан, адам таңертең бойы ауыр тартып, өзін нашар, әлсіз сезінбек.

Шикі тамақ жеушілер
Соңғы жылдарда әлемнің әр түкпірінде шикі ас жейтіндер қатары көбеюде. Олар негізінен көкөніс пен жеміс-жидектен жасалған салат, басқа да тағамдарды жейді. Мұның бір артықшылығы – азықтың бойында барлық витаминдер мен қуат беретін пайдалы заттар түгел сақталады. Сондықтан, осындай отқа бұқтырылмаған, қайнатылмаған тамақ жейтіндер аз тамақтан көп қуат алады және асқазанға онша салмақ түспейтіндіктен, түрлі асқазан ауруларынан аман болады. Оның тағы бір артықшылығы – шикі тағам жейтіндерде артық салмақ болмайды, кәрілікке де бой алдырмай, ұзақ өмір сүреді.
Қазақстанда бүгінде шикі тамақты нәр ететіндердің саны – 300-ден асып жығылады екен. «Мир-24» арнасына берген сұхбатында алматылық Әсел Қисықова шикі тағамның денсаулыққа қаншалықты пайдалы екендігі жайлы әңгімеледі. Үш жылдан бері осындай тамақтану әдісіне көшкен ол бүгінде көкөніс пен жеміс-жидектен жасалған көптеген тамақ да-йындау тәсілдерін меңгеріп алыпты. Осы кезең ішінде ол ауру дегенді ұмытқан және өзін әрдайым сергек, жеңіл сезінеді.
Бүгінде жеміс-жидекті еліміздің барлық өңірінен жылдың төрт мезгілінде табуға болады. Нәрлілігі жоғары, түрлі витаминдерге бай жеміс-жидек пен көкөністің бағасы ет тағамдарына қарағанда біршама арзандау. Яғни, бұл тағам жұртшылыққа қолжетімді болып отыр.
Денсаулығыңызды ойлап, кәрілікке бой алдырғыңыз келмесе, бүгінде белең алып кеткен жүрек-қантамыр және қатерлі ісік сияқты аурулардан аулақ боламын десеңіз, ішіп-жейтін тамағыңыздың жеңіл және сапалы болуына көңіл аударыңыз.

Интернет материалдары
бойынша дайындаған
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар