Бұл осы күнді көре алмаған майдангерлерге де құрмет

деп ой бөлісті соғыс ардагері Николай Кузнецов

Жалпыұлттық акция аясында қала әкімі Мұратбек Тақамбаев 87 жастағы Андрей Павлович Рыбалконың үйінде болды. Ұлы Отан соғысының ардагері 1944 жылдан бастап Қиыр Шығыс майданындағы ұрыстарға қатысып, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын жаудан азат етуге атсалысты. Көптеген жауынгерлік наградаларға ие болды. Ол бейбіт өмірде ауылдық мектептің директоры болып істеді. Жалпы, педагогтық өтілі 44 жылды құрайды.

Елбасының құттықтауына Иван Яковлевич Бабин де ие болды. Майдангер қарт келесі жылы 90 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол Вятск, екінші Прибалтика майданында байланысшы болды. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
Сондай-ақ, Мұратбек Тақамбаев Мемлекет басшысының құттықтауын Николай Васильевич Кузнецов пен Алевтина Ивановна Герасимоваға да  жеткізді. Николай Васильевич аңызға айналған Ленинград шайқасына қатысты. Алевтина Ивановна болса майданға 1942 жылдың мамыр айында араласып, әуе бөлімінде моторшы болып қызмет етті. Польша мен Германияны азат ету ұрыстарына қатысты. Ардагерлер Кузнецова мен Герасимова екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және соғыс кезіндегі ерліктерін айғақтайтын медальдарға ие болған.
Қала әкімінің ардагерлермен кездесуі үлкен тебіреністі жағдайда өтіп, олар Қазақстан Президентінің шынайы құттықтауы мен қамқорлығына асқан ризашылықтарын білдірді. Бұған соғыс ардагері А.Рыбалконың төмендегі сөзі айқын дәлел.
– Менің өз атыма тікелей жолданған  Президенттің құттықтауын қолыма алып тұрып, қуанышты сәтті басымнан өткерудемін. Ұрысқа қатысқан кезде награда туралы біздер тіпті де ойлаған жоқпыз. Басымызда жауды жеңіп, үйге оралсақ, әке-шешемізді көріп, бейбіт өмірдің шуағына бөленсек деген ой болды. Әрбір жауынгер Жеңісті күткенімен, өкінішке орай, солардың көбісі ұрыс даласында шейіт болды. Ал, біздерге туған елге аман-есен оралу бақыты бұйырды. Барша халықпен бірге елімізді қалпына келтіруге атсалыстық, – деп еске алады ардагер.
Жаңа жыл қарсаңындағы жалпыұлттық акция аясында барша қазақстандықтармен бірге Степногорск өңірінің 29 ардагері де Елбасының атынан атаулы құттықтауларға ие болып, үлкен қуанышқа бөленді.
Н.АНТИДЗЕ,
Степногорск қаласы әкімінің
баспасөз хатшысы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар