Бес қарт барлық арыстарды көзге елестетті

Біржан сал елінде де осы күні көзі тірі бес соғыс ардагері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа жылдық құттықтау хаты мен сыйлығына ие болып, мереке алдында көңіл-күйлері көтеріле  түсті. Ел басына күн туған сұрапыл жылдары қан майданға аттанып, ерлік пен өрліктің өнегесін көрсеткен бұл майдангерлерді аудан әкімі Абай Сәдуақасұлы өңірдің өзге басшылары-мен бірге арнайы барып құттықтап, құрмет көрсетті.

Василий Васильевич Корниенко Қазақстанға 1940 жылы қоныс аударды. Еңбекшілдер ауданындағы Баймырза ауылында тұрып еңбекке араласты. 17 жасында әскерге алынып, Қиыр Шығыс майданындағы ұрыстарға қатысты. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталды.
Михаил Григорьевич Калантарьян 1920 жылы туған. 1939 жылы қызыл әскер қатарына шақырылып, Украинада әскери борышын өтеді. 1941 жылы майданға аттанды. 48 атқыштар дивизиясының 613 атқыштар полкында минометші болды. Одан соң 4 әуе десанты бригадасына ауысып, бірнеше ұрыстарда жанқиярлық ерлік көрсетті. Омыр-ауында екінші дәрежелі Отан соғысы ордені жарқырайды.   
Зинаида Алексеевна Мельник, әскери атағы – кіші сержант. Минск қаласының тумасы. 1942 жылдың мамыр айында өз еркімен майданға аттанды. 32 жеке полк сапында телеграф байланысшысы болды. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, жауынгерлік және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Николай Васильевич Посягин Пенза облысының Саморуково селосының тумасы. 1942 жылы 17 жасында  училищеден тікелей қызыл әскер қатарына шақырылды. 219-шы танк бригадасының құрамында екінші Беларусь, Украин майдандарында ұрыстарға қатысты. Украина мен Польшаны жаудан азат етіп, Берлинге дейін барды. 1947 жылы әскер қатарынан босады. Ол «Даңқ» орденімен және бірнеше жауынгерлік медальдарға ие болған. 
Нина Емельяновна Скарюкина 1926 жылдың 3 мамырында дүниеге келген. 1945 жылы 18 жасқа толғанда, ол бірден майданға  сұранып санитарлық поезда еңбек етті. Польшаның Познань қаласына келген сәтінде Нина алғаш рет жаралы жауынгерлерге көмек көрсетті. Қайсар қыз сол кездегі ауыртпалықтардың бәрін көтеріп, өз жұмыстарымен бірге, жаралы жауынгерлердің алдында ойын-сауық көрсетті. Ол қанға бөгіп, жарымжан болған, тіпті, қаза тапқан жасөспірім жауынгерлерді де көзімен көрді. Нина Емельяновна осы күнге дейін атақты Ливитанның радиодан Жеңіс туралы хабарын естігенін жыр қылып айтып отырудан жалыққан емес. Нина Скарюкина «Германияны жеңгені үшін»  және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Осылай тебіреніп, толғанған бес қарт ауданнан майданға аттанып, ұрыс даласында қалған, туған жерге аман-есен оралып, бертін көз жұмған барлық арыстарды көзге елестетіп өткендей болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар