50 пайызы талапқа сай емес

Облыстық тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  департаменті мен оның  аумақтық басқармалары  қауіпсіздік мониторингін жүргізу мақсатында 2016 жылы халық тұтынатын жеке гигиена, буып-түю және құрылыс материалдары, темекі, су тазалайтын сүзгілер, аккумуляторлық батарейлер, бензин, мотор майлары, антифриз тәрізді  химия және  мұнай-химия өнеркәсібі  өнімдеріне сараптама жүргізді.

Нәтижесінде 266 өнім сынамасы алынып, оның барысында  127  сынама Кеден одағының техникалық регламенттері мен бірегей санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес келмеді.
Осы жағдай бойынша  толығырақ ақпаратты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің kzpp.gov.kz сайтындағы «Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі» бөлімінен ала аласыздар. Аталмыш фактілер бойынша барлық кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда.

Әділхан КӘРІМБАЕВ,
облыстық тұтынушылардың құқықтарын  қорғау департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар