Жәрмеңке әжептәуір сеп

Көкшетау қаласындағы «Алтын ғасыр» сауда орталығының алдында кезекті азық-түлік  жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров сауда нүктелерін аралап, азық-түлік бағасына назар аударды, қала тұрғындарымен жәрмеңкенің ұйымдастырылуы жөнінде ой бөлісті. Бұл күні «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұсынған  күріш,   қарақұмық, тағы басқа азық-түліктер арзан  бағамен  сатылды.

– Бағаларына көңіл толады. Сондықтан болар, кезекке тұрғандардың қарасы көп. Халық өздеріне қажетті өнімдерді алып жатыр. Көптің қамын ойлаған осындай жәрмеңкелердің пайдасы зор, – дейді қала тұрғыны Бәтима Мұхаметжанова. Жәрмеңкеге Аршалы, Жарқайың, Қорғалжын аудандарынан және Көкшетау қаласынан азық-түліктің 47 түрі әкелініпті. Оның ішінде, 33,2 тоннаға жуық ет пен шұжық, 5 тонна жас балық, 45 мың дана жұмыртқа, 13 тонна ұн мен макарон, 14 тонна картоп, 21,6 тонна көкөніс, 5,5 тоннадан астам сүт өнімдері жеткізіліп, сауда-саттыққа  ұсынылды. Жәрмеңкеде өнімдер базар  бағасынан төмен сатылды. Мәселен, еттің бағасы 850-1100 теңге аралығын құраса, қанттың 10 келісі  1398 теңгеге, жұмыртқаның бір данасы 15 теңгеге сатылып, тұтынушылар дән риза болысты.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде тартымды концерттік бағдарлама ұсынылды. Көкшетаулықтар мен қала меймандары көңілдерінен шыққан бағаға қалаған азық-түліктерін сатып алып, үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасып жатты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар