Елеулі өзгерістер күтіп тұр

Мұрат Теміржанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Біздің бәріміз Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін зейін қоя тыңдадық. Бірінші кезекте бұл Үндеу Қазақстан халқына және біздің әрқайсымызға бағытталған. Оның  мәні – елімізді алдағы уақытта елеулі өзгерістердің күтіп тұрғандығы. Президент өзінің бірқатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке бергелі отыр.
Бұл мені бір жағынан қуантса, бір жағынан ойландырып тастады. Әзір қанша өкілеттіктің берілетіні
туралы айту қиын. Мемлекет басшысының өзі шамамен 40 өкілеттік деп отыр. Мұнымен Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейе түсетіндігі сөзсіз. Ендігі арада  Министрлер кабинетінің мүшелері Парламенттің келісімімен   тағайындалады. Сондай-ақ, Үкімет мүшелерін қызметінен босату да Парламенттің  құзырында болады. Бұл үшін депутаттар басым  дауыс берсе  жеткілікті. Мұның бәрі ендігі арада біздің депутаттық сауалдарымызға кейде жеңіл-желпі қарайтын Үкіметті  шынымен, ойландыруы тиіс. Бұл біздің өзіміздің ойлап тапқанымыз емес.   Сайлаушыларымыздың  мұң-мұқтажы, хатпен және ауызба-ауыз тапсырып жататын аманаттары.
Екіншіден, билік тармақтарын қайта бөлумен  жергілікті атқарушы органдардың да Парламент алдындағы жауапкершілігі күшейеді деген ойдамын. Олар ешқашан Парламентте есеп берген емес және оны ойлаған да емес. Осылайша жаңа өзгерістер ендігі арада сайлаушылардың мәселелерін шешуге де оң ықпал етеді.
Елбасы бұл түзетулерді Үкімет Парламентке қабылдау үшін үстіміздегі сессияның аяғына дейін басым ретпен өткізетіндігін айтты.  Яғни, өзгертулер 2017 жылдың маусымына дейін рет-ретімен барлық сатыдан өтіп,  көзделген мерзімде қабылданатынына сенім мол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар