Бәріміз ат салысайық

Смағұл РАХЫМБЕК, жазушы:
Елімізде билік өкілеттіктерін бөлісу реформасы басталды. Тұңғыш Президентіміз мемлекет дамуының келесі  белесіне жол ашып берді. Расында да бізге беделді Парламент, халыққа есеп беріп отыратын Үкімет керек. Саяси реформа  халықтың талқылауына ұсынылып отыр.

Жер-жерлерде осынау  ұлан-ғайыр істі  «Нұр Отан» партиясы қолға алмақшы. Бірақ, бүкіл елге ой салу үшін ол жеткіліксіз. Іске ауыл әкімдері мен ел белсенділері, мектеп мұғалімдері атсалысулары керек. Газеттер ел ішінде аз, жұрт биліктің берекелі істерінен бейхабар. Сондықтан, әр ауылда жергілікті әкімдіктер радио рупорларын орнатуы керек. Енді оларда қаржы болады. Насихат күшті болса, ел жұмыла зерделеп, ерен еңбекке  кіріседі.
Президент ұсыныстары өте құнды, дамуымыздың жаңа жолына бас-тап отыр. Әр ауылда насихатшылар сайлануы қажет. Олар көздері ашық, білімді ауыл ұстаздарынан тұрса зайыр. Реформаны
саяси партиялар ғана талқылауы жеткіліксіз. Реформа ел ішінде де терең зерделенуі керек. Елбасы  түрлі деңгейлердегі әкімдерден осыны күтіп отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар