Ұлы дала еліндегі ғажайып спорт мерекесі

Қазақстан Республикасы-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиа-даның ашылу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы салтанатты іс-шараға қатысушыларды Алматыдағы ғаламат спорт мерекесінің басталуымен құттықтады.
 «Бүгін Ұлы дала елінде спорттың ұлы мерекесі. Жастар сайысына 57 елден 2 мыңнан астам спортшы, мыңдаған спорт маманы мен жанкүйер жиналды. Спорт бейбітшілік пен татулықтың, ынтымақтастық пен тілектестіктің символы. Қонақжай Қазақстан жеріне хош келдіңіздер!», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Универсиаданың Алматыда өтуі Халықаралық студенттік спорт федерациясына кіретін 171 елдің Қазақстанға деген сенімі мен зор құрметі екенін айтты. «Жер жаһан көз тіккен бұл Универсиада нағыз жастық жігердің арманы, жарқын жеңістердің бастауы, болашақ Олимпиада чемпиондарының мектебі. Қысқы Универсиада Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағында тұңғыш рет біздің елімізде өткізіліп отыр, бұл – біз үшін мәртебе», – деді Елбасы.
Сонымен қатар, Президент Универсиа-да қарсаңында Алматыда бірнеше спорт нысаны салынғанын айтып өтті. Мұның бәрі отандық спорттың инфрақұрылымына салынған инвестиция екендігін атап көрсете келе, Мемлекет басшысы бүкілдүниежүзілік додаға келген спортшыларға сәттілік тілеп, ойындарды ашық деп жариялады. Спорт додасына әлемнің 80 елі көз тігуде. «Алматы-Аренаға» 12 мың адам жиналды. Бірінші кезекте 500 адамның қатысуымен «Ұлы дала елі» қойылымы көрсетілді. Қойылым қазақ халқының тарихы мен дәстүрінен, мәдениеті мен әдебиетінің айшықты беттерінен сыр шертті. Қазақстанның Мемлекеттік туы салтанатты түрде сахна төріне әкелінді. Универсиадаға қатысатын барлық елдердің өкілдері аренаға шығып болғаннан кейін ғажайып шоу бағдарлама назарға ұсынылды.
Елбасының құттықтау сөзінен кейін сөз Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахқа беріліп, Универсиаданың жалауы көтерілді. Халықаралық студенттік спорт федерациясының гимні ойнатылды.
Сахнаға алау ұстаған 16 спортшы шығып, Универсиада алауы жағылды. Универсиадада спорттың 12 түрінен 171 спортшы Қазақстан намысын қорғайды. 10 жарыс күнінде 85 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.
Айта кетерлігі, бұл қысқы Универсиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Универсиада қаңтар айының 29-нан ақпанның 8-іне дейінгі аралықта өтеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар