Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің «Ақмола облысының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылдың негізгі міндеттері туралы» есебі

Бұл күндері бүкіл еліміз бойынша «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау жүріп жатыр.

Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында елімізді, оның қызметінің барлық салаларын одан әрі жаңғыртуға бағытталған міндеттер қойылуда. Ол алдымен – осы заманғы бәсекелестікке қабілетті экономиканы құру, адам капиталының сапасын жақсарту.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған еліміздің Үшінші жаңғыруы қазіргі заманның талаптарынан туындап отыр. Ол елімізде  қол жеткен оң өзгерістердің заңды жалғасы болып табылады. Әлеуметтік-саяси тұрақтылық, сыртқы және ішкі қауіпсіздік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім табысты жұмыстың кепіліне айналуда.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толған мерекелік жылды біздің облыс жақсы көрсеткіштермен аяқтады. 223,1 миллиард теңгенің көлеміндегі инвестициялар нақты сектордың барлық салаларында өндірістің өсу қарқынын қамтамасыз етті, мұның өзі еңбек нарығында тұрақтылықты сақтауға қол жеткізді.
12,5 мың жаңа жұмыс орны құрылып, орташа еңбекақы 17,5 пайызға өсті немесе 104 мың теңгеге жетті. Әр жан басына шаққанда жалпы аймақтық өнім 1,2 миллион теңгеге артты.
Өнеркәсіп
 Экономиканы әртараптандыру және шикізатты емес салаларды жедел дамыту мақсаттарында екінші индустриалдық бесжылдықты іске асыру жөніндегі жұмыс одан әрі жалғастырыла түсті. 2016 жылы 420,7 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, мұның өзі арғы жылмен салыстырғанда 85,2 миллиард теңгеге көп, жеке көлем индексі 104,3 пайызды құрады.
Жалпы өндіріс көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 72 пайызға артты. Бұл басым бағыттарда іске асырылатын секторларда ГПИИР жобаларының жүктемесін арттыру есебінен мүмкін болды. Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар 24,9 миллион АҚШ долларын құрап, 18,7 пайызға өсті.  
Өндіріс өсімінің жоғары қарқыны металлургия, тамақ өнеркәсібі және сусындар өндірісі тәрізді өңдеуші салаларда сақталады. 2016 жылы алтын өндіру көлемі 26,2 тоннаны құрап, 26,1 пайызға өсті. Уран қосындысының өсімі 20,7 пайыз (2424 тонна). Ұн мен ет өндіру 22 пайызға артса, өсімдік майы екі есе өсті. Подшипниктердің жаңа түрін шығару үшін өндірісті қазіргі заманғы қайта бағдарлаудың арқасында «ЕПК-Степногорск» акционерлік қоғамы жылды 16,7 пайыз өсім көрсеткішімен аяқтады. «СП «СКЗ «Казатомпром» серіктестігі 136,7 мың тонна күкірт қышқылын өндірді. Бұл бұрынғы көрсеткіштен 3,4 есе артық. Темірбетон конструкциясы өндірісінің өсімі 5,3 пайызға қамтамасыз етілді («Регион-Строй» ЖШС). Өнеркәсіп саласында тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары табысты жұмыс істеп, өндірілген жалпы өнім көлемі 108,2 пайызды құрады. «Өркен-Атансор» серіктестігі темір кенін өндіру көлемін 17,2 пайызға, «Алтынтау-Көкшетау», «ГМК «Қазақалтын» акционерлік қоғамдары  мен «RG Gold» серіктестігі құрамында алтыны бар кен өндіруді 7,7 пайызға көбейтті. Жүзеге асырылған инвестициялық жоба аясында «СГХК» серіктестігі мыс-молибден кенін өндіріп, өңдеу қарқынын молайтуда. 11,3 мың тонна мыс концентраты өндірілді. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен екі есе артық. Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында енгізілген жобалардың үлесі, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 40 пайызды, салық түсімінің жалпы көлемінде индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына қатысушы кәсіпорындардың үлесі 24 пайызды құрады.
Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 180,6 миллиард теңгенің 78 жобасы жүзеге асырылды, 7,1 мың жұмыс орны ашылды. Олардың 36-сы жоғары қосымша құн өнімі өндірісіне бағытталған. 2016 жылы 14,6 миллиард теңгенің 18 жобасы жүзеге асырылды. Оның негізгі бағыттары тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісі. 912 тұрақты жұмыс орны ашылды. Тамақ өнеркәсібі саласында жаңа жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, Шортанды ауданының  «Белая Лилия» серіктестігі қуаты 60 тонна өнім өндіретін қаз фермасын, Сандықтау ауданында «WorldBerries» серіктестігі қуаты 6 тонна жеміс-жидек өндірісін,  Көкшетау қаласында қуаты 14,4 мың тоннаға жететін  «Нәтиже» сүт фабрикасы» серіктестігінің сүт өнімін өндіретін зауытын, Ақкөл ауданында «ТП-1» серіктестігі қуаты 210 тонна шұжық өнімі өндірісін  іске қосты.
Өңірдің құрылыс рыногын қол-жетімді материалдармен қамтамасыз ету мақсатында 4 жоба жүзеге асырылды (Жарқайың ауданындағы «Арқа К» серіктестігінің қиыршық тас өндірісі, Целиноград ауданындағы «Astana BL&NT» серіктестігінің  бетон және бетон өнімдері, Шортанды ауданындағы «Turan Industry» серіктестігінің табиғи  тас өнімі, Целиноград ауданындағы «LK KZ» серіктестігінің кірпіші). Көкшетау қаласындағы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» серіктестігінің Қазақстан–Беларусь индустриалдық-технологиялық ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалар паркі пайдалануға берілді. Оның қуаты 4,5 мың бірлік. Мемлекет басшысының қатысуымен телекөпір аясында Степногорск қаласындағы «Август Нан» серіктестігінің құрамында калий тұзы глифосат  пен глифосаты бар гербицидтер өндіру бойынша бірлескен  қазақстандық-ресейлік жоба іске қосылды. Инновациялық-активтік кәсіпорындар саны 90 бірлікті құрады, инновациялық актив деңгейі 2013 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 0,7 пайыздан 6,8 пайызға дейін өсті.
Агроөнеркәсіптік кешен
Агротехникалық шараларды өткізу, мемлекеттік қолдау және алдыңғы қатарлы технологияны енгізудің арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрін өндіру өсімі тұрақты. 2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 347 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде 240,7 миллиард теңгесі егіншілік шаруашылығының өнімі, 105,1 миллиард теңгесі мал шаруашылығының өнімі. Жалпы көлем индексі 108,7 пайызды құрады. Өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімінің  жалпы үлесі еліміздегі агроөнеркәсіптік кешені жалпы көлемінің  9,6 пайызын құрады.  Көктемгі егіс  оңтайлы агротехникалық мерзімде  өткізілді. Астық өсіру мәдениетінің агротехнологиясы сақталды.  Алдыңғы қатарлы технология енгізілді. Машина-трактор паркі жаңғыртылды. Орақ жұмысын уақытылы өткізіп, 5,7 миллион тонна астық жиналды (орташа гектар берекесі 13,2 центнер). Бұл республика көлеміндегі өндірілген астықтың ширегі. Өткен жылы астық экспорты 1,8 миллион тоннаны, ұн 152 тоннаны  құрады.   Мал шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлем индексі 102 пайызды құрады. Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі сапасын арттыру және асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауды субсидия-лау бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауды 1300-ден астам шаруашылық субъектілері алды. Қабылданған шаралар нәтижесінде мал басы өсуінің және барлық санаттағы шаруашылықтарда  мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері өндірісінің оң нәтижесі байқалады. Ірі қара мал басы 4 пайызға көбейіп, 398,9 мың басты құрады, жылқы 2,2 пайызға, қой-ешкі 1,2 пайызға өсті.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және шаруа қожалықтарында ірі қараның үлесі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 43,7 пайызды құрады. Асыл тұқымды малды көбейту бағытында 19 мамандандырылған шаруашылық жүйесі үздік шетелдік селекциясының 14,6 мың асыл тұқымды қашарлары соңғы жылдары асыл тұқымды ірі қара мал санын көбейтуге ықпал етті. Облыс бойынша асыл тұқымды малды көбейтумен барлығы 320 арнайы мамандандырылған шаруашылық айналысады. Өткен жылы 4300 бас  ірі қара сатылды.
2016 жылы асыл тұқымды ірі қара мал басының үлесі жалпы мал басының 16,8 па-йызын құрады. Мал шаруашылығы кешенін мемлекеттік қолдау тетігі белсенді түрде жүзеге асырылуда. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында 2022 сиыр, 106 бас бұқа,   1221 жылқы, 1843 қой сатып алынды. «Ырыс» бағдарламасы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының несиелік қаржысы бойынша 2066 бас сауын сиыры бар 14 тауарлы-сүт фермасы құрылды.  Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің басымдық міндетінің бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту болып қалады, оны облыстың 319 кәсіпорны жүзеге асыруда. Өндірістік қуатты арттыру бойынша қабылданған шаралар өндіретін өнімнің көлемін 66,5 миллиард теңгеге көбейтуге ықпал етті. Бұл 2015 жылдың көрсеткіші деңгейінен 9,9 пайызға артық. Ет өнімін өндіру 14,2 пайызға, ұн 21,9 пайызға көбейді.

Шағын және орта бизнес
Ерекше назар әлеуетті арттыруға, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне аударылады. «Бизнес Кеңесші» бағыты аясында 2016 жылы 852 адам, жүз жұмыс істейтін кәсіпкерлер, жобаны оқыту бо-йынша 64 кәсіпкер оқыды. «Назарбаев Университеті» ашық акционерлік қоғамы жанындағы шағын және орта бизнес топ-менеджменті бойынша 19 адам оқыды. Шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан «Іскерлік байланыс» компоненті бойынша 29 кәсіпкер оқытылды. «Старшие сеньоры» компоненті бойынша кәсіпорынның үш сараптамалық миссиясы ұйымдастырылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталығы 674 клиентке 698 кеңес берді. Жаңа бизнес ашуды қолдау бойынша 95 адам оқытылды. 15 субъекті өз істерін ашты. Студент жастардың кәсіпкерлік бас-тамасын қолдау үшін 65 адам оқытылды. Екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлікті дамытуға 41 миллиард теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  акционерлік қоғамы 1,1 миллиард теңге несие берді (439 шағын несие). 2016 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бағытын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,2 миллиард теңге бөлді. Өңірлік үйлестіру кеңесі 24,5 миллиард теңгенің 176 жобасын мақұлдады, 918 жаңа жұмыс орны ашылды (2 кәсіпкерлік нысанның жетіспейтін инфрақұрылымын тартуға 72,3 миллион теңге, 133 жобаның пайыздық ставкасын субсидиялауға 24 миллиард теңге, 22 миллион теңгенің мемлекеттік грантын 9 кәсіпкер алды). Шағын және орта бизнес саласында қолданылған шаралардың нәтижесінде өңірдегі экономикалық белсенді тұрғындарының 31,5 пайызы немесе 136,2 мың адам қамтылды. Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен төлемдер көбейіп, 2015 жылғы деңгейден 27,9 пайызға артты (29,8 миллиард теңгеге дейін).

Инвестиция
Облыстағы инвестициялық климатты жақсарту және шетелдік инвес-тиция тарту үшін «Бір терезе» әдісі бойынша жұмыс ұйымдастырылған, инвесторларға қызмет көрсететін сектор құрылды. Инвесторлар тарапынан 355 ұсыныс түсті, 360 кеңес берілді, 688 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 223,1 миллиард теңгенің инвестиция-сы тартылды. Оның 10,6 миллиард теңгесі сыртқы инвестиция. 2016 жылдың қорытындысы бойынша капитал салудың нақты өсімі 2015 жылғы деңгейден 6,6 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынатын ең үлкен инвес-тиция құрылымы кәсіпорындардың өз қаржысы. Бұл қаржы 45,8 пайызды немесе 102 миллиард теңгені құрайды. Орталықтандырылған көздердегі қаржы көлемі 34,2 пайызды, қарыз қаржысы 10,4 пайызды және банктер несиелері 9,6 пайызды құрады. Инвестицияның 77 пайызы нақты сектор саласының дамуына салынды (171,8 миллиард теңгесі).

Меморандум
Жоспарланған негізгі индикаторларды орындау мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 91 қадамына сәйкес, 2016 жылы алғаш рет облыс әкімі мен Қазақстан Рес-публикасы Премьер-Министрі арасында 11 шешуші индикаторлар бо-йынша Меморандум жасалып, жыл қорытындысында орындалды.

Сыртқы экономикалық қызмет
2016 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымының көлемі 703,2 миллион АҚШ долларын, экспорт 257,7 миллион АҚШ долларын құрады,  өңделген тауарлар экспортының үлесіне 40 па-йыздан астамы немесе 109,9 миллион АҚШ доллары келеді. Ұн экспортының көлемі 13,5 пайызға, подшипниктер 23 пайызға, сүт өнімдері 2,1 есеге өсті. Облыстың дәстүрлі экспорттық құраушысы егін шаруашылығының өнімі болып табылады. Күнбағыс тұқымын экспорттау 2,4 есе, рапс тұқымы 1,7 есе өсті. «ҚазГерҚұс» серіктестігі жобасының екінші кезеңі енгізіліп, Орталық Азия мен Жақын Шығыс рыноктарына жұмыртқа сату көлемі өсуде. ТУРАН брендісімен шығарылатын минералдық су мен алкогольсіз сусындар Ресей Федерациясына экспортталады. 2016 жылы алғаш рет «Бота-2015» серіктестігінің зығыр майы экспорттала бастады.

Тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй құрылысын дамытуға 29,2 миллиард теңге бағытталды. «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 4,6 миллиард теңге бөлінді. 2016 жылы тұрғын үй құрылысының нысандарына 35,6 шақырым инженерлік жүйе тартылды. Өткен жылы 364,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, оның 192,4 мың шаршы метрі жекеменшік тұрғын үй құрылысы. 2016 жылдың жоспары 20,7 пайызға артық орындалды (302,2 мың шаршы метр). 3370 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Негізгі басымдық бағыттар бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысы аяқталды. Кезектегілер үшін Шортанды кентінде 36 пәтерлік тұрғын үй, Ақмол ауылында 45 пәтерлік тұрғын үй, Аршалы кентінде 16 пәтерлік тұрғын үй салынды. Жас отбасылар үшін Щучинск қаласында 75 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы облыс орталығындағы «Жансая» тұрғын үй кешенінде үш 30 пәтерлік тұрғын үй, Көкшетау қаласында 9 қабатты, 45 пәтерлік тұрғын үйлер салынды.

«Нұрлы жол»
«2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдарды дамыту үшін 2016 жылы жылу энергетикалық инфрақұрылымдарды, тұрғын үй құрылысын, білім саласын, сумен жабдықтауды дамытуға арналған 18 жобаны жүзеге асыру үшін 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінді.
2016 жылы Краснояр селосындағы блок-модульді қазандық құрылысы, Көкшетау қаласының іргесіндегі Қопа көлінің жағалауындағы тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерін қайта жаңғырту аяқталып, облыс орталығындағы 280 орындық мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді, 1000 көп пәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымдарын жүргізу жобасы аясында 11 үйге инфрақұрылымдар тарту аяқталды және 997 жекеменшік үйлердің инженерлік инфрақұрылымдары тартылды.
Бағдарламаларды жүзеге асыру құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңінде 400 адамды жұмыспен қамтуға, 94 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
«Аймақтарды дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы 10 өңірдегі сумен жабдықтау және қалдық суларды ағызу жүйесін дамытуға арналған 9 жобаны жүзеге асыру үшін 800 миллион теңге қаржы бөлінді.
Осы жобаларды жүзеге асыру есебінен 119,3 шақырым су құбыры желісі тартылып, 8000 адамды сапалы сумен қамтамасыз етуге қол жеткізді.
Бүгінгі күні қала тұрғындарының 86,7 пайызы, ауыл тұрғындарының 57,7 пайызы орталықтандырылған су желісімен қамтылып отыр.

Көлік инфрақұрылымдарын дамыту
2016 жылы жол-көлік инфрақұрылымдарын дамыту үшін 6,9 миллиард теңге қаржы бөлінді,  423,2 шақырым жол жөнделді (5,7 шақырым жол жаңадан салынып, қайта жаңғыртылды, 34,6 шақырымына күрделі және орта дәрежелі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 382,9 шақырымына ағымдағы жөндеу жасалды).
Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылындағы жаңа құрылыс орындарындағы көше жолдарын салу жұмыстары одан әрі жалғасып, Родина ауылына баратын айналма жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталды.  
Облыс орталығындағы  (Капцевич көшесі), Степногорск қаласындағы (Парковая көшесі), Щучинск қаласындағы (Пролетарская көшесі) және Қосшы ауылындағы  көше жолдарына күрделі және орта дәрежелі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарына күрделі және орта дәрежелі жөндеу жүргізу бағытында да жұмыстар атқарылып, ұзақтығы 22,4 шақырым болатын 3 учаске қамтылды (Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минск – 3 шақырым, Новочеркасский-Егіндікөл-Жантеке – 14,4 шақырым, Щучинск-Николаевка – 5 шақырым).  
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде облысымыздың 86 елді мекенінің 239,2 шақырым болатын селоішілік жолдары жөндеуден өткізілді.
Осы бағытта атқарылған жұмыстар жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының  66,6 пайызын жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізуге мүмкіндік жасады.  
Жолдарды жөндеу және жол салу жұмыстарымен бірге жолаушылар тасымалы қызметінің ауқымы да кеңейе түсуде. Бүгінгі күні облысымыздың 411 елді мекені жолаушылар тасымалы қызметімен қамтылған.
6 жаңа автобус маршруты ашылып, 3 қолданыстағы автобус маршруты қызметі мерзімі ұзартылды. Қосымша 12 елді мекен автобус қатынасы қызметімен қамтылды (Ақкөл ауданында Ақкөл-Жалғызқарағай ауданішілік маршруты ұйымдастырылды, сөйтіп, Жалғызқарағай ауылы қамтылды). Аршалы ауданында №315 Астана-Аршалы кенті қала маңайына қатынайтын автобус маршруты ашылды (Жалтыркөл ауылы қамтылды), сондай-ақ, Астана-Бірсуат автобусы қатынасы қызметі одан әрі жалғасатын болды (Байдалы ауылына дейін).  Астрахан ауданында Көкшетау-Егіндікөл автобус  мар-шруты ұйымдастырылды (Степной ауылы қамтылды). Атбасар ауданында Атбасар-Октябрь маршруты бо-йынша қатынайтын автобус қызметі одан әрі жалғастырылды (Қаракөл ауылына дейін). Егіндікөл ауданында ауданішілік Егіндікөл-Полтавский маршруты ашылды (Полтавский ауылы қамтылды). Жарқайың ауданында екі ауданішілік автобус маршруты ұйымдастырылды: Державинск-Зерноград-Тасты талды (Зерноград селосы қамтылды) және Құмсуат-Державинск (Құмсуат, Боранкөл, Нахимовка, Львовский ауылдары қамтылды). Шортанды ауданында бұған дейін тұрақты жүріп келген Бозайғыр-Пригородный автобус маршрутының қызметі ұзартылды (Алтай селосына кіреді). Осындай іс нәтижесінде елді мекендердің 78 пайызы автобус қатынасы қызметімен қамтылып отыр.

Аумақтық даму
Селолық елді мекендердің тұрғындарының өмірін жақсарту мақсатында Астана қаласының маңайындағы елді мекендерді 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың кешенді жос-парын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.
Аталмыш кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы 1,6 миллиард теңге қаржы бөлінді. Ақмол ауылындағы 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, Целиноград ауданындағы Қызылжар, Максимовка, Талапкер селоларын электрмен қамтамасыз етуге арналған желі салынды.
Астана қаласының азық-түлік белдеуін жасау шеңберінде 83,7 миллиард теңгенің 104 жобасы жүзеге асырылды.  Соның ішінде, 2016 жылы 7,2 миллиард теңгенің 9 жобасы іске қосылды (оның 2-еуі сүт бағытындағы мал шаруашылығы, 2-еуі ет өндіру, 1-еуі жылыжай, 4-еуі астық сақтау орны).
Елордаға 94 мың тонна сүт және сүт өнімдері  (108,3 пайыз), 22,2 мың тонна ет (106,2 пайыз) және 222,5 миллион дана жұмыртқа (102,3 пайыз) жеткізілді.
Степногорск моноқаласын дамыту мақсатында экономиканы әртараптандыруға жағдай жасайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.
– Құны 13,3 миллиард теңге болатын өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна өнім шығаратын күкірт қышқылы зауытын қайта жаңғырту. Жоба іске қосылды, 220 жаңа жұмыс орны ашылды. 2016 жылы 1367 мың тонна күкірт қышқылын шығарды.
– Құны 2 миллиард теңге тұратын «Калий тұзы, глифосат және глифосаты бар гербицид өндірісі» жобасы іске қосылып, 80 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл жоба 2016 жылы Елбасы өткізген телекөпір кезінде ашылған еді.
–Құны 1,5 миллиард теңге болатын «Қуаттылығы 150 мың тонналық каталиттік қайта өңдеу қолданылатын мұнай өңдейтін шағын зауытты қайта жаңғырту» жобасы. Мұнай өңдеу құрылғысы орнатылып, іске қосылды және 50 жұмыс орны ашылды.
Степногорск қаласының инфрақұрылымдарын дамытуға 727 миллион теңге қаржы бөлініп, мынадай жобалар жүзеге асырылды:
– Парковая көшесінің жолдарына күрделі жөндеу, аумағы 10 мың шаршы метрлік автокөлік жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізу; денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және материалдық-техникалық жабдықтау; қаланың сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту (2 кезеңде 1,6 шақырым су желісі, 2,3 шақырым суағызғыш желі салынды) және Бестөбе кентін сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту (орталықтанған сумен жабдықтаумен 1200 абонент немесе 6000 адам қамтылған), 1-ші ықшам ауданның 44-ші үйінің
конструкциясын бекіту.
– Пригородный ықшам ауданының жеке үйлерін салу құрылысына қажетті инженерлік коммуникациялық құрылысты аяқтау.
Степногорск қаласы маңындағы шағын қалаларды дамыту шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде орталықтанған сумен жабдықтау қызметін пайдаланушылар саны 92,7 пайызға дейін көбейді, құрылыс жұмыстарының жалпы көлем индексі 124,6 пайызға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайызға дейін төмендеді.
Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытудың 2-ші кезеңі шеңберінде 2014-2016 жылдары аралығында 26 шара жүзеге асырылды. Осы кезең ішінде шараларды жүзеге асыруға 6,5 миллиард теңге қаржы бөлінді.
Жоспарды жүзеге асыру қорытындысы бойынша Бурабай кентінде қазандық салынып, пайдаланылған суды шығару жобасы іске қосылды, Щучинск қаласы мен ауданының аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді жобасы нақтыланып, аяқталды, суды шығару және жылумен қамтамасыз етуге байланысты 10 жобаның құжаттары жасалды.
 2016 жылы бойына туризм саласын дамытуда туризм индустриясының негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты өсім байқалды. 14 жаңа туристік инфрақұрылым нысаны құрылып (3 қонақ үй, 2 демалыс аумағы, 4 демалыс үйлері, 4 жол бойындағы дәмхана, 1 спорттық-сауықтыру орталығы),  111 жаңа жұмыс орны ашылды.
2016 жылдың тоғыз айы ішінде демалушылар саны 244,1 мың болып, 140 пайызға өсті. Қызмет көрсету мен атқарылған жұмыстың жалпы көлемі 4,1 миллиард теңге болды.
Өткен жылы облысымыздың өнеркәсіптік кәсіпорындарының
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуына  дайындығы бағытындағы жұмыстар жалғасты.
Халықаралық көрмеге қатысудың жоспары жасалып, бекітілді, көрме қонақтарының 30-дан астам маршруттарын қамтитын 7 туристік пакет жобасы іріктеліп алынды. Қазір үш тілді меңгерген үздік экскурсоводтарды іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Көрме қонақтары мен қатысушыларына  қызмет көрсететін 302 маман оқытылып, дайындалған еріктілердің  100-і таңдап алынды.
Облыс орталығы Көкшетау қаласын дамытуға 2016 жылы қаржыландырудың барлық көздері бо-
йынша 30,2 миллиард теңге инвестиция бағытталды, оның 6,5 миллиард теңгесі бюджет қаражаты.
Қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді, 7 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы салынып, пайдалануға берілді, 315 отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік алды, 5 тұрғын үй құрылысы салынып жатыр. Көшелер мен саябақтарды ұстау және абаттандыру, санитарлық тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіледі.
Васильковка ықшам ауданының (11 көп қабатты тұрғын үйлердің түйіскен аумағында) және Абылай хан даңғылы бойындағы үйлерге (13 көп қабатты үйлер мен 4 аулаға) аулалық аумақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облысымызда лифт шаруашылығын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. 2016 жылы осы мақсат үшін 107 миллион теңге қаржы бөлініп, 12 көтергіш қалпына келтірілді, қазіргі күні қолданыстағы лифтілердің 281-і немесе 85 пайызы жұмыс жағдайында.
Капцевич көшесіне орта дәрежелі жөндеу жұмыстары жүргізілді және қаланың жалпы аумағы 318,4 мың шаршы метрді құрайтын 80 учаскесіне  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  
Бүгінгі күні қаланың көше жолдарының 60,9 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде.
Су құбырлары мен канализация желісін жаңғырту мәселесіне байланысты Еуропаның қайта жаңғырту және  даму банкімен жұмыстар жалғасуда. Қазіргі күні жобалық-сметалық құжаттандыруды дайындау бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.  

Білім беру
2016 жылы білім беру саласында тең дәрежеде және сапалы мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беруге қол жеткізу бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғастырылды.
Есепті кезең ішінде 3052 орындық 37 мектепке дейінгі мекеме ашылды (20 бала бақша және 17 шағын-орталықтар). Мұның өзі 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемемен қамту деңгейін 95,4 пайызға жеткізуге мүмкіндік жасады.
Көкшетау қаласында 520 орындық 2 балабақша салынды, 1780 орындық 5 мектеп іске қосылды (Щучинск қаласында 900 орындық, Тайтөбе және 96 разъезіндегі 300 орындық 2 мектеп, Ерейментау қаласындағы 200 орындық, Мақпал селосындағы 80 орындық мектеп), Ақкөл қаласындағы балалар үйі қайта жаңғыртылды.
2,1 миллиард теңгеге 110 білім нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жасалды.
Жаңа үлгідегі 41 оқу кабинеті жабдықталып, 506 мектеп кеңжолақты интернетке қосылды, оқулықпен балалардың 100 пайызы қамтамасыз етілді.
23 колледжде Кәсіпкерлік палатасының әлеуметтік әріптестерімен бірлесе отырып, дуальді оқыту жүйесі енгізілді, осы орайда 1000-нан астам үшжақты келісімдер жасалды.  
Көкшетаудың жоғары колледжі индустриалдық-инновациялық мемлекеттік бағдарлама аясында мамандар даярлайтын еліміздің 10 әріптестік колледждерінің қатарына енді. Колледж елімізде бірінші
болып қолданбалы бакалавриат бағдарламасы шеңберінде 88 кіші инженерлер даярлады.
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі (Көкшетау қаласы) елімізде алғашқылардың бірі болып аккредитациядан өтті.
Экология және орман шаруашылығы колледжі (Щучинск қаласы) германиялық «GIZ» қоғамының қатысуымен қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларында жұмыс істейтін «мехатроник» мамандығы бойынша маман даярлауды қолға алды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнын бітірушілердің жұмыспен қамтылу үлесі 93,4 пайыз болып отыр (3530 адам).
Облысымыздың атынан интеллектуалдық конкурстарға қатысқан оқушыларымыз 72 медальді жеңіп алды. Оның 45-і республикалық деңгейдегі, 27-і халықаралық деңгейдегі конкурстар.

Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласының алдында әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, әлеуметтік маңыздағы ауруларды анықтау және алды алу,  кадрлық ресурстарды дамыту міндеттері тұр. Есепті кезеңде денсаулық сақтау саласын дамытуға 35,6 миллиард теңге бөлінді. Оның 33,6 миллиард теңгесі кепілдендірілген тегін медициналық жәрдемге жұмсалды.  
2016 жылы 8 жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды (Ақкөл қаласындағы 250 келушіге арналған емхана, Державинск қаласында емханасы бар аурухана, Астрахан ауданының Петровка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті, 5 дәрігерлік амбулатория).  
Халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында 28 нысанға 537,6 миллион теңге қаржы бөлініп, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 274 медициналық құрылғы, 12 санитарлық автокөлік сатып алынды.
Щучинск қаласындағы жедел медициналық көмек стансасын автоматтандыру үшін «АДИС» бағдарламалық кешені мен спутниктік мониторинг жүйесі орнатылды. Көкшетау қаласында №2 жедел медициналық көмек стансасын ашу арқылы тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігі артты.
Асқынған коронарлы синдром, миокарда инфарктіге уақытылы диагностика жасау үшін  42 дана баламасы жоқ «Кардиометр» кешені сатып алынды.
Ақмола облыстық ауруханасында балалар кардиохирургиясы бо-йынша шеберлік сыныбы өтіп, Алматы және Көкшетау қаласының кардиохирургтерімен 11 баланың жүрегіне ота жасалды.
Қуықтағы ісікті емдеу үшін Ақмола облыстық онкологиялық диспансеріне қымбат құрал-жабдық сатып алынды.
Кешенді алдын алу шаралары мен  емдеудің заманауи тәсілдерін енгізу нәтижесінде  облыста бірқатар әлеуметтік маңыздағы аурулар бо-йынша көрсеткіштердің тұрақталуы байқалып отыр.  Қан айналымы жүйелерінің ауруы 4,7 пайызға кеміп, өлім-жітім 13,1 пайызға, қауіпті ісік 2,8 пайызға кеміді. Туберкулез ауруы 2,9 пайызға кеміп, одан болатын өлім-жітім  14,3 пайызға жалпы өлім-жітім 5,1 пайызға  төмендеді.
Ана өлімі тіркелген жоқ, нәресте өлімі 23,5 пайызға азайып отыр. Облыстағы медициналық ұйымдарға 70 дәрігер, 289 орта медициналық қызметкер келді. Оның  ішінде 25 дәрігер ауылдық елді мекендерге жіберілді. 74 медициналық қызметкер баспанамен қамтамасыз етілді, оның 22-сі ауылдық жерлерде. Оған қоса, 67 маманға (9,9 миллион теңге) бір реттік жәрдемақы, 34 маманға (100,6 миллион) баспана сатып алуы үшін несие берілді.
Жергілікті бюджет және шаруашылық субъектілерінің есебінен 2016 жылы оқуға бітірген 116 түлек  медициналық ЖОО-дарында білім алуда. 265 дәрігер және 754 орта медициналық қызметкер медициналық ЖОО, колледж және ғылыми орталықтарда қайта даярлықтан өтті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жұмысының басты бағыттарының бірі – халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.  
Халықты жұмыспен қамту, жұмыс орындарын қысқартуды алдын алу мақсатында қолға алынған кешенді жоспар аясында облыс әкімдігі және ірі, орта кәсіпорындар арасында өзара ынтымақтастық  және жұмысшыларды әлеуметтік жағынан қорғау жөнінде меморандумға қол қойылды.
Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келген 18 659 адамның 17082 жұмысқа орналастырылып, бұл деңгей 91,5 пайызды құрады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы аясында жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 4000 адам жұмысқа тартылды, 6,5 миллиард теңге қаржы игерілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылымды дамыту арқылы 168 елді мекенде 365 жобаны жүзеге асыру есебінен жұмыспен қамту мақсатында 2,1 мың жұмыс орны ашылды.
Бастапқы тәжірибе жинақтап және кейін тұрақты жұмысқа орналасуы үшін жоғары, кәсіби, техникалық білім ордаларының 537 түлегі жас-тар тәжірибесіне қатысты.  Еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің сұранысына сай 103 адам кәсіби білім беру және қайта даярлықтан өтті. Ауылда жұмыссыздық мәселесін шешу бағытында 1 миллиард 51 миллион теңгенің 427 шағын несиесі беріліп, қосымша 435 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 315-і өз ісін ашуға, 112-сі бизнесті кеңейтуге.
Экономиканың әр саласында 12504 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 7605-і ауылдық елді мекендерде. Атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болды.
Облыста 2016 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы арқылы азаматтардың аз қамтылған санаттарын әлеуметтік қорғаудың белсенді түріне көшу үшін «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша жұмыстары жалғасын тапты.
2016 жылы 2425 адам белгіленген ақшалай көмек алды, аз қамтылған отбасылардың табысы 3,3 есеге (6614 теңгеден 21993 теңгеге) өсті, 509 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, күн көрістің ең төменгі табысы бар халықтың үлесі (2,9 пайыздан 2,7 пайызға дейін) кеміді.
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының мүгедектерге қолжетімді болу бойынша жұмыстары жалғасын тапты. 2016 жылы 557 нысан бейімделді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін 293,9 миллион теңге қаржы бөлініп, 491 сурдотехникалық құрал, 667 тифлотехникалық құрал, 360 адамға қозғалу құралы,  1594 протез-ортопед құралы сатып алынды.
Шипажай-курорты емдеуімен 1097 мүгедек, оның ішінде 20 бала, «Инватакси» қызметімен 160 мүгедек қамтамасыз етілді.

Мәдениет және спорт
2016 жылы жалпыұлттық мәдени мұра құндылықтарын сақтауды және дамытуды қамтамасыз ететін, мәдени институт және механизмдерді дамытудың мемлекеттік қолдауы түрінде мәдениетті дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберінде инновациялық мәдени-сауықтыру, тарихи-археологиялық, музыкалық 26 жоба жүзеге асырылды. 63414 іс-шара өткізілді, оның 17759-ы ҚР Тәуелсіздігіне арналып, 4 мил-лионнан астам адам қатысқан.
Республикалық «25 игі істер» акциясы шеңберінде «Таланттар өңірге» қайырымдылық концерті, спектакль, мұражай көрмесі, облыстың шалғай елді мекендеріне бағыт алған
«көшпелі кітапхана көрмесі»  ұйымдастырылды.
Облыстық филармонияның құрылғанына 70 жыл толуы шеңберінде Қазақстан, АҚШ, Греция және Германияның әртістерінің қатысуымен «Көкшетау – тал бесігім» классикалық және халықтық әндердің халықаралық фестивалі, «Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау» домбыраның сүйемелдеуімен халықтық дәстүрлі ән орындаушылардың өңіраралық фестивалі өтті.
Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық- драма театрының 20 жылдығына арналған өңіраралық театр форумы Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыс-тары және Астана қаласы театрлары ұжымдарының басын қосты.
Астана қаласында Ұлттық мұражай «Қазақстан ғасырлар тарихы тұрғысынан» жобасы аясында қоғам арасында үлкен пікірталас тудырған Ақмола облысы мұражайларының қорынан алынған «Ғасырлар мұрасы» көрмесі ұйымдастырылды.
«Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы облыстық байқауына 224 селолық округтен келген 21000 адам қатысты.
Облыстағы шығармашылық ұжымдар республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдерге белсенді қатысты. Мәселен, «Гәкку» би ансамблі «Қазақстан раушандары» хореографиялық өнер 2-ші халықаралық фестиваль байқауында «Халықтық би» аталымы бойынша 1-ші дәрежедегі лауреат атанды.
«Көкшетау» және «Шалқыма» халықтық би ансамбльдері Қазақстан атынан Индонезияның Бали аралында өткен халықаралық фольклор фестиваліне қатысты. «Дос-
тар» мәдениет сарайындағы «Аққу» би ансамблі «На волне Иссык-Куля» балалар шығармашылығы 3-ші халықаралық фестиваль байқауына қатысып, 1-ші дәрежелі лауреат атанды. Облыстағы шығармашылық ұжымдармен 201 концерт, 602 спектакль, 62000-нан астам мәдени-бұқарлық шаралар өткізілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы арқылы облыстың 13 өңіріндегі 34 мәдениет нысаны жөнделді.
2016 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, дене шынықтыру және спорт саласында азаматтарды, балалар мен жасөспірімдерді спортпен жиі шұғылдануға тарту барысында жұмыстар атқарылды.
2015 жылмен салыстырғанда спорттық нысандар 71-ге көбейіп, 2301-ге жетті. Оның 1642-сі ауылдық жерлерде. Облыстық спорт ұйымдарымен 1 разрядты 167 спортшы,  323 спорт шеберлігіне кандидат, 56 спорт шебері, 14 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 1 еңбегі сіңген спорт шебері даярланды.
Материалдық-техникалық база 276079 адамның қатысуымен 3248 бұқаралық спорт шараларын өткізуге мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың саны 26,2 пайызға, спортттық мектептер және балалар мен жасөспірімдер клубына баратын балалар мен жасөспірімдердің саны 13,7 пайызға көбейді.
Республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысқан спортшылар түрлі дәрежедегі 769 медальге ие болды. Оның ішінде 275 – алтын, 261 – күміс, 233-і қола медаль. 2016 жылы облыс тарихында тұңғыш рет паралимпиада Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына ақмолалық спортшылар қатысты. Оның ішінде Целиноград ауданының өкілі Вадим Дукарт пауэрлифтинг бойынша жарыста 8 орыннан көрінді. Астанада өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында жерлесіміз Дина Жоламан чемпион атанды.

Жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясаты негізгі басымдықтарын, жастарды қолдап, жан-жақты дамытуды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылы жастар саясаты шараларын жүзеге асыруға 139,4 миллион теңге, қалалық және аудандық бюджеттен 23,4 қаржы бөлінді.
Өңірдің барлық қалалары мен аудандарында психологиялық, құқықтық, әдістемелік көмек беретін, жұмысқа орналастыруға ықпал ететін жастардың ресурстық орталықтарымен 53000 адамды қамтыған 1000-нан астам шара өткізді, жастарға 1117 кеңес берілді, оның ішінде 312 жұмысқа орналастыру мәселесі бар. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс белсенді жүргізілуде. Жұмыссыз жастардың деңгейі 3,4 пайызды құрады. Ал, орташа республикалық көрсеткіш 0,5 пайыз.
Жастардың NEET үлесі жалпы республикалық 9,5 пайызды алғанда  7,2  пайызды құрады.
Аталған көрсеткішерге жас мамандарды жұмыспен қамту бағытындағы  жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді.
Сонымен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы 56 жас маман тұрақты жұмысқа, 537-і жастар тәжірибесі бойынша, 221-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
«Жасыл ел» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылы облыс студенттері арасынан 900 сарбаз еңбекпен қамтамасыз етілді.
2009 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан. «Дипломмен – ауылға!» жобасына өткен жылы 361 адам қатысып, оларға 53,6 миллион теңге сомасында көтермеақы төленді, 238 маманға баспана сатып алу үшін 695,9 миллион теңге көлемінде несие берілді.  
Жастарды қолдау және кадр тапшылығын шешу үшін 2016 жылы облыс әкімінің атынан 192 студентке шәкіртақы тағайындалды, оларға бөлінген қаржы 65,5 миллион теңге соманы құрады. 2017 жылы шәкіртақы бюджеті 87,0  миллион теңгеге дейін артты.

Жастар, студенттер мен жас кәсіпкерлер арасында өтетін «AKMOLA POWER» облыстық инновациялық жобалар байқауы, дарынды жастардың «Студенттік көктем» облыстық фестивалі, «Zhas_akmola» облыстық жастар байқауы және тағы басқа өңірлік іс-шаралармен қатар, облыста «Үш би» республикалық пікірсайысшылар турнирі, «КВН ұлттық құрамасының жазғы кубогы» фестивалі, Қазақстан жастары Конгресінің күндері секілді республикалық деңгейдегі іс-шаралар өткізілді. Степногорск қаласында ХІІ Ұлттық Дельфий ойындары да сәтті өтті.  

Тіл және ішкі саясат
Облыста мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді қамтамасыз ету және аймақта тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайту бойынша жүйелі үйлесімді тіл саясатын жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың арасында ересектердің үлесі 2016 жылы 2 пайызға артып, бұл көрсеткіш 64 пайызды құрады. Қазақ тілінде оқитын балалардың саны балабақшалар мен шағын орталықтарда 70-тен 82 пайызға, мектептерде 46-дан 47 пайызға дейін өсті.
Тілдерді оқытатын 19 орталық өз жұмыстарын жалғастыруда, олардың ішінде 17-і қазақ және ағылшын тілдерін оқытады.
Облыста мемлекеттік тілді және ағылшын тілін оқыту бойынша 428 топ ашылған, онда 4888 тыңдаушы білім алуда, 1792 адам оқып шықты деген сертификаттар алды, оның 790-ы
мемлекеттік қызметшілер.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жыл сайын көркемсөз оқулары шеберлерінің облыстық байқаулары, олимпиадалары, қазақ тілін жетік білетін өзге ұлт өкілдері жастарының қатысуымен облыстық форумдар өткізіліп тұрады.
Ішкі саясат саласында есептік кезеңнің негізгі оқиғаларының қатарын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар құрады. 2016 жылы облыста жалпы барлық елді мекендер мен еңбек ұжымдарын қоса есептегенде 28 мың іс-шара өткізіліп, оған 2,1 миллион адам қатысты.
Облыста саяси партиялардың 6 филиалы, 12 конфессияны ұстанатын 218 діни бірлестік және 1002 үкіметтік емес ұйым тіркелген.
Этносаралық қарым-қатынас өзара сенім мен сыйластық, конструктивті диалог негізінде жүзеге асырылып, барлық ұлттардың өкілдері ұлтаралық келісімді нығайтуға қомақты үлес қосып келеді.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қанатының астында 35 этно-мәдени бірлестік, 3 Достық үйі, ана тілдері мен мемлекеттік тілді және өзінің туған халқының салт-дәстүрлерін оқытатын 13 жексенбілік мектеп белсенді жұмыс істейді. Есептік кезеңде Ассамблея 50 мың адамды қамтыған 250 әртүрлі іс-шаралар өткізді.  
Халыққа ақпараттарды 95 бұқаралық ақпарат құралы жеткізеді, оның ішінде 80-і газет, 15-і мемлекеттік саясаттың маңызды медиа-тасымалдаушысы болып табылатын электронды БАҚ.
2016 жылы өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында негізгі басымдықтарды жүзеге асырудың барысын жариялау бойынша 20 мыңнан астам материал жарық көрді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп.  
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдар аса жоғары белсенділік танытуда, олардың қызмет бағыттарының спектрі біздің облыста өте кең. Бұл – өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық тәрбиесі, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, халықтың әлеуметтік-осал топтарына көмектесу, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолдау көрсету, егде адамдар үшін олардың қызығушылықтары бойынша клубтар құру және тағы да басқалар. 2016 жылы облыста 50-ден астам жоба жүзеге асырылды, оған әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден 167 миллион теңге  қаржы бөлінді. Үкіметтік емес ұйымдардың жобалары шеңберінде 800-ден астам түрлі жоспарлы іс-шаралар өткізіліп, оған 70 мыңнан  астам адам қатысты. Азаматтық форум жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету
Облыста мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтердің стандарттарын сақтау, қызмет алушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызмет түрлерін көбейту бо-йынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі.
Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны 1569-ды құрайды, оның ішінде 1549-ы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша 262 адам біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Есептік кезеңде жергілікті атқарушы органдар 3 миллион 429 мың мемлекеттік қызмет көрсетті (115%), оның ішінде 112 мың қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы (107%), 1 миллион 745 мың қызмет электронды түрде (2015 жылы  83 мемлекеттік қызмет), 1 миллион 572 мың
мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді.
Қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдардан мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қанағаттанарлық деңгейі 2016 жылғы қорытынды бойынша  87,4 пайыз (ҚР бойынша орташа деңгей 69 пайыз).
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасуда.

Жергілікті полиция қызметі
«100 нақты қадам»   Ұлт жоспарының 30-шы қадамына сәйкес 2016 жылдың қаңтарында 1220 полицейді құрайтын жергілікті полиция қызметі құрылды. Материалдық-техникалық базасы жақсартылды, 62 бірлік автокөлік, 100 бірлік бейнетіркеуіш және басқа да арнайы техника түрлері сатып алынды, ювеналды полиция бөлімшесі мен учаскелік инспекторлар толық көлемде оргтехникамен жабдықталды.
2016 жылы облыс аумағында қылмыстық құқық бұзушылық көлемі 4,1 пайызға төмендеді (13236-дан 12698-ге дейін). Көше қылмыстарының үлес салмағы шекті көрсеткіш 11,8 болғанда 8,9 пайызды құрады. Жол-көлік оқиғаларында қайтыс болғандар саны 100 зардап шегушіге шаққанда шекті көрсеткіш 13,6 болған жағдайда 12,5 бірлікті құрады.
Құқықтық тәртіптің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге облыста 284 патрульдеу бағыты әзірленген, жаяу жасақтар тұрғын үй кварталдары мен іргелес көшелерге бағытталған.
Жол-патрульдік полициясының қатысуымен көшелерде және қоғамдық орындарда жасалған 2650 қылмыс ашылды, оның ішінде 657-сі «ізін суытпай» анықталды. Учаскелік инспекторлар есепте тұрған тұлғаларды бақылауды күшейтті.
Білім беру және денсаулық сақтау органдарымен кәмелетке толмағандардың ұйымдастырылған бос уақыты мен еңбекпен қамтылуы мәселелері бо-йынша жұмыстар ұйымдастырылған. Бірлескен рейд іс-шаралары барысында кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатқаны үшін 261 сауда қызметкері, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйінен тыс жерде және ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін 2477 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2016 жылы облыстың автокөлік жолдары тұрақты және апатты жағдайлардың төмендеуімен сипатталды.

2017 жылдың басты бағыттары мен міндеттері
2017 жылы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бағытындағы жұмыс атқарылып, еліміздің жаңғыруының үшінші кезеңіне байланысты мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жүзеге асырылады. «ЭКСПО-2017»
халықаралық мамандандырылған көрмесіне ерекше назар аударылады.
1. Индустрия саласында индус-трияландырудың мемлекеттік бағдар-ламаларындағы басым бағыттарға сәйкес және кәсіпкерлерді қолдау картасын қалыптастырудың жаңа әдістеріне орай жоғары инновациялық және экспорттық құрамдарды жүзеге асыра отырып, еңбек өнімділігін ұлғайтуға бар күш жұмылдырылады.
Облыста жалпы көлемі 65,6 миллиард теңге инвестицияны құрайтын кәсіпкерлікті қолдау картасының 5 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде жылына 2 миллион тонна өнім өндіретін қуатқа ие цемент зауыты да бар. Зауыт өнімі ішкі рыногқа ғана емес, экспортқа да шығарылады деп жоспарлануда. Жылына 60 мың тонна өнім өндіретін (910 жұмыс орнын қамтамасыз ететін) жалпы құны 50 миллиард теңгені құрайтын Макинка құс фабрикасы құрылысының ірі жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыс жалғастырылады.  
(«Бавария Продакт») неміс компаниясымен бірлесе 60 мың басқа арналған жаңа үлгідегі шошқа кешені салынуда. Кешен жылына 5,5 мың тонна тереңдете өңделген өнім шығарады.
Масаль темір кен орнының (құны 486 миллиард теңге) базасында Қазақстан-Қытай жобасы бойынша салынатын металлургия комбинаты құрылысының өте ірі жобасына үлкен үміт артылып отыр. Нысан пайдалануға берілген кезде 3 мың жаңа жұмыс орындары ашылады (қуаты 1 миллион тонна темір концентратын өндіретін нысан 2021 жылы іске қосылады, екіншісі 2022 жылы). Осы жобаның жүзеге асырылуына орай аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы айтарлықтай жақсарады деп күтілуде. Одан өзге 2017 жылы облыс аудандарында (жалпы құны 141 миллиард теңге) 95 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру межеленіп отыр. Бұл жобалар барлық саланы қамтиды, әрі жаңадан 3 мың жұмыс орындары ашылады.
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында 2017 жылдың екінші жартыжылдығында «Akmola Invest-2017» халықаралық инвестициялық форумын өткізу жоспарлануда.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын тұрақты дамытып, жұмыс орындары мен уақытында берілетін еңбекақыларын сақтауға байланысты барлық шаралар қолға алынады.
2. Ал, ауыл шаруашылығы саласында негізгі бағыттар мыналар:
– диверсификация құрылымы шеңберінде егіс алқаптарын басымдық берілген мәдени дақылдар арқылы көбейту.  
– асыл тұқымды ірі қара малдың үлесі табынның 16,8 пайызын құрайтын деңгейге дейін жұмысты жалғастырамыз, мал бордақылау алаңдарының жұмысы қамтамасыз етіледі.   
– ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу қуатын арттыру (сүт – 60 пайызға, ет – 70 пайызға) жеткізіледі.
– ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту мақсатында жоспарланған 8 инвестициялық жобалар жүзеге асырылады.
– Астана қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерімен (108,1 мың тонна сүт өнімдері (жалпы қажеттіліктің  54 пайызы), ет және ет өнімдері – 27,1 мың тонна (жалпы қажеттіліктің 62 пайызы), ас жұмыртқасы – 227,5 миллион дана (жалпы қажеттіліктің 100 пайызы) қамтамасыз ету көзделуде.
3. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында мақсатты индекаторды жүзеге асырып, негізгі капиталға инвестиция тартуды 101 пайыз деңгейіне жеткізу жос-парлануда.
4. Жалпы көлемі 250 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.
5. «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жалпы құны 0,7 миллиард теңгені құрайтын 7 нысанды (тұрғын үй құрылысы бағдарламасын дамыту, сумен қамтамасыз ету және су тарату) пайдалануға беру қамтамасыз етілмек.
6. Сапалы сумен қамтамасыз ету және суды таратудың 20 жобасы облыстың 10 аймағында жүзеге асыруды аяқтау.
7. Астана аймағындағы білім ошақтарына бөлінген негізгі қаржыны толық игеріп, кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберіндегі шараларды аяқтау. Тұрғын үй құрылысы, елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын және жөндеу жұмыстарын дамыту.
8. Әлеуметтік маңызды негізгі азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу мақсатында облыс аумағындағы жергілікті өнім өндірісі ұлғайтылып, сауда кәсіпорындары, тауар өндірушілер және көтерме сауда ұйымдарымен жасалған меморандумның мүлтіксіз орындалуы қадағаланады.  Әр апта сайын жәрмеңке өткізу дәстүрі жалғастырылады.   
9. Шағын және орта бизнесті қолдап, әрі дамыту үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберіндегі барлық мүмкіндікті белсенді жүргізу міндеті қойылып отыр.
10.  Білім беру саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
– 2307 орындық мектепке дейінгі мекемелерді ашу;
– 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелерде біліммен қамтамасыз ету көлемі 97 пайызға ұлғайтылады (95,4 пайыз);
– дуальді оқыту жүйесін негізгі ұстанымдарына орай колледждердің үлесін 75 пайызға жеткізу (73,3 пайыз);
– мектеп және колледж оқушыларының жаңа форматтағы аттестацияға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.
11. Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау саласын жетілдіру жұмыстары әрі қарай жалғасын тауып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметті жақсарту бағытында жұмыс жүргізіліп, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу бағытында жұмыс істеледі.
12.Жұмыспен қамту саласында аймақтағы алғашқы кезектегі міндеттер жұмыс орнын сақтау мен жаңадан ашу.
Үстіміздегі жылы бұқаралық кәсіпкерлік және өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберіндегі жұмыс жалғасып, сұранысқа ие болып отырған мамандықтар бойынша кадрларды дайындап, жұмысқа орналастыру бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту үшін оқыту және шағын несие беру жұмыстары жүргізіледі.
13. Спорт саласындағы міндеттер:
– халық арасында жүйелі түрде спортпен шұғылданушылардың санын 27 пайызға дейін көбейту;
– 2017 жылы Алматы қаласындағы 28-інші Халықаралық қысқы универсиада алауын жағу эстафетасын өткізу және Саппоро қаласында (Жапония) өтетін қысқы Азия ойындарына облыстың жетекші спортшыларының қатысуын қамтамасыз ету;
14. Алдағы уақытта облыс орталығын одан әрі дамытып, келбетін жақсарту үшін аула аймақтарын жөндеу жұмыстары жалғастырылады, оның ішінде Васильковка, Юбилейный және Центральный мөлтек аудандарының аула аймақтарының жөндеуі аяқталып, 17 ойын алаңдары жабдықталады.
Оған қоса үстіміздегі жылы облыс орталығында лифт шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіледі.
15. Моноқалаларды дамыту жоспары шеңберінде Степногорск қаласында 45 пәтерлі жалдамалы үйдің құрылысы және оның инженерлік инфрақұрылымдары жобасы іске асырылып, Шаңтөбе кентіндегі қазандықтың, Ақсу, Заводской кенттеріндегі сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту, моноқалалар жүйесіндегі Степногорск қаласының көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар