Демократиялық күштер коалициясы Елбасының реформаларын қолдайды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен демократиялық күштер коалициясының отырысында соңғы уақытта қоғамда үлкен оқиғаға айналған әрі бір-бірімен ұштаса өмірге келген  қос тарихи құжатқа қатысты тұжырымды ойлар айтылды.

 

«Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің Ақмола облыстық коалициясының отырысын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші  орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жүргізді. Мемлекет басшысының билік өкілеттіктерін бөлу туралы Үндеуі мен Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы жан-жақты талқыланған бұл жиынға «Ақ жол» партиясының мүшесі, Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова, Қазақстанның Коммунистік  халықтық партиясы облыстық комитетінің хатшысы Бейсенбай Мәжитов және облыс орталығындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Елбасының Үндеуінде айтылған конституциялық заңдарға өзгертулер енгізуге қатысты ойлар айтылып, Ата Заңның 26-бабының
1-тармағына қатысты жан-жақты талқылау жүргізіліп, жер мәселесі мен кәсіпкерлік орайында бірқатар сұрақтардың жауаптары берілді.
Маңызды құжатта айтылған тіл мәселесіне қатысты Елбасының тапсырмалары туралы «облыстық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғосман Төлеғұл мен «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов жан-жақты тоқтала  келе, біз жас ұрпаққа ресми тіл мен халықаралық тілді үйретеміз деп жүріп, олардың өз ана тілдерін құрметтеуіне, оны жетік меңгерулеріне қолдау көрсетуімізді ұмытып кетпеуіміз керектігін ерекше атап өтті.
Сол сияқты, басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жаңғыру жылдары мен оны жүзеге асырудың жолдары, қадам басқалы отырған үшінші кезеңі жайында толымды ойлары мен пікір-көзқарастарын ортаға салып, Мемлекет басшысы алға қойған мақсат-міндеттерді бірлесіп атқаруға атсалысу қажеттіктерін айтты. Бұл ретте, жоғарыда аталған үш партияның да алар орны зор екендігіне ерекше назар аударылды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар