Білім – таусылмас қазына

Қазақта «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Яғни, күш білекте емес, білімде. Мұсылманның қырық парызының бірі – білім алу деп көрсетілуі де тектен-тек болмаса керек. Бірақ та, бүгінде көп адамдар білімнің құдіретіне сенбейді және оған онша көңіл де бөлмейді.

Сөзіміз дәлелді болу үшін Яндекстің http://wordstat.yandex.ru/ сілтемесі арқылы бір айда қандай сөзді қанша адам іздегені туралы мәліметке назар аударып көрелік. Ақша деген сөзді – 7565, байлық дегенді – 3955 адам бір айда сұрау салу арқылы іздеген екен.  Ал, «білім» деген сөзді бір айда небары 20 адам ғана іздепті. Осыған қарап, жұрттың білімді байлықтың бас-тауы деп санамайтынын аңғарғандай боласың.

Жоғары білімі жоқ Сенесіз бе, әлемдегі ең бай адам саналатын – Билл Геитстің жоғары білімі жоқ екен. Ол Гарвард университетіне оқуға түсіп, оны бітірмей тастап кетеді. Өйткені, ол оқып жүріп, өзі жасаған компьютерлік бағдарлама арқылы қыруар ақша табады. Ақша табуға қажеті жоқ университеттің қатып қалған теориялық білімін содан кейін болашақ миллиардер қажет деп таппайды.
Нақты тәжірибе жүзінде қолданып, нәтижеге жеткенде ғана ол білім болып саналады. Егер жоғары оқу орнынан пәлен жыл оқып алған біліміңіз іс жүзінде қолданып, нәтижеге жеткізуге көмегін тигізбесе, ондай білімді білім деп санауға бола ма?

Ақшаң болса, білімге жұмса АҚШ-та тұратын бір қалталы инвестор Ресейге келіп, жұртшылықпен кездесіп, инвестиция арқылы қалай ақша табуға болатындығы жөнінде лекция оқиды. Лекциядан кейін оған көрермендердің бірі мынадай сұрақ қояды. Менің 10 мың доллар ақшам бар, соны қайда инвестициялауға кеңес берер едіңіз? – дейді ол.
Бұған американдық миллионер: «Сіздің орныңызда болсам мен барлық ақшамды білімге инвестициялар едім, себебі, ең қайтарымы мол инвестиция – білім. Менің байлығым есепшоттағы ақшаларым мен жылжымайтын мүлкім емес, ақыл-ойымда. Мені бір жерге қолыма қаламсап пен блокнот беріп бір сағат қамап қойса, бірнеше миллион доллар табудың амалын ойлап табар едім»,  – деп жауап береді.
Сонау 1990-шы жылдары Ресейден АҚШ-қа барып, мейрамханада даяшы болып қызмет еткен, кедейліктің бар тауқыметін тартқан Алекс Яновский бүгінде сол елдегі ең бақуатты адамдардың бірі. Бүгінде Яновскийдің «жеке басты жетілдіру» туралы оқу курстары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, миллиондаған адамның сүйіп оқитын шығармасына айналды. Ол осы күнге дейін білімін жетілдіретін курстар сатып алуға 800 мың доллардан астам қаржысын жұмсапты. Яғни, сонша ақшаны білімге инвестициялаған. Оның қайтарымы да өте жоғары болған.

Қашықтан оқыту үлкен жетістік Интернеттің пайда болуы әлем елдері арасындағы шекараны жойып қана қоймай, ақпаратты шапшаң таратуға да игі ықпалын тигізді.
Ғаламтор арқылы сіз көптеген пайдалы ақпараттар алып қана қоймай, бір салада оқып, кәсіби білім де алуыңызға болады. Өз басым вордпресc арқылы сайт, блог жасау-ды тегін оқу курсынан үйрендім. Мұндай курстар қазір баршылық. Яғни, білім аламын деген адамға бүгінде мүмкіндік мол.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар