Бірдің қырсығы мыңға…

Өңірлік  кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлердің арасындағы әріптестіктің нәтижесі бизнес субъектісінің мәселесін шешуге ықпал етті.

Палатаға Ақтөбе облысындағы әріптестері хабарласып, «Дәулетхан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Көкшетау-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қатысты арызын айтқан. Былтырғы  жылдың 11 ақпанында екі жақ мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартқа отырған болатын.
 Аталмыш серіктестік келісім-шартқа сәйкес, кәсіпорынға техникалық киіз тасымалдауға міндеттенеді. Тапсырыс беруші өз кезегінде тауарға келісілген төлемді аударуы тиіс еді. Белгіленген мерзімде серіктестік есеп айырысамын деген үмітпен «Көкшетау-Жылу» кәсіпорнына өнімін әкелді. Бірақ, қаржы сол күні, тіпті, келесі айда төленбеді. Сөйтіп, қарызды төлеу жарты жылға созылды.
Мекеме  заңгері алдымен, жылу берушілермен хабарласты. Әңгіме барысында кәсіпорын өкілдері бюджетте қаржының жоқтығынан қиындық туындағанын алға тартты. Солай бола тұра, кәсіпорын мемлекеттік сатып алудың ресми сайтында коммерциялық тапсырыс беруді жалғастырған.
Палата сарапшылары қарызды төлеу үшін кәсіпорынның қаржы іздестіруіне он күн уақыт берді. Кәсіпорынның міндетін орындамауы өңірдің іскерлік беделіне кері әсерін тигізеді. Кейін белгілеген мерзімде «Көкшетау-Жылу» кәсіпорны ақтөбеліктерге қарызын қайтарды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар