Халықтың арасында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский, Петр Шарапаевтың Елбасының Үндеуі мен биылғы Жолдауы туралы халықпен кездесулері  Еңбекшілдер ауданын да қамтыды. 

Халық қалаулыларымен болған кездесу Біржан сал атындағы мәдениет үйінде өтті. Парламент Мәжілісінің депутаттары Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты Үкімет пен Парламентке жүктелетін міндеттер мен жауапкершіліктің артуы жөнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбавтың бұл реформасы заман талабына сай еліміздің өркендеуіне жол ашатындығын  жан-жақты түсіндірді.    
Мемлекеттік биліктің тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінетін кезде басқару жүйесі күрделі болатынын, себебі, қоғамдық демократияландыру халықтың, елдің тағдыры үшін аса зор жауапкершілік екендігіне тоқталған Мұрат Теміржанов  конституциялық заңдарға өзгертулер енгізудің себептері жайында айтып берді.
Сергей Звольский мен Петр Шарапаев Елбасының биылғы  Жолдауындағы негізгі басымдықтарға назар аударды. Ақмола облысы астықты аймаққа жататындығына тоқталып, біздің еліміздің Еуразияның «нан кәрзеңкесі» болуға ат салысуға мүмкіндіктер мол  екендігін атап өтті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Бұдан соң, халық қалаулылары Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстарымен Үлгі ауылына барды. Мұнда ауылдың орта мектебінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Аталған жиында аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Шауенов, аудан әкімінің орынбасары Орынбасар Ахметова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының орынбасары Өміртай Жомартов қатысты.  
Парламент Мәжілісінің депутаттары Үлгі орта мектебін аралап, білім мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты. Мектеп ішіндегі оқушылар парламентінің  мүшелерімен әңгімелесіп, бүгінгі күннің басты талқылануына ұсынылған Елбасының Үндеуіне қатысты пікірлерімен алмасты.  Ауыл тұрғындарымен кездесуде халық қалаулылары биылғы Жолдаудың ел дамуындағы мән-маңызына тоқталып өтті. Қазақ тілін дамыта отырып, біртіндеп үштілділік пен 12 жылдық білім беру сатысына өту заман талабы екендігіне басым назар аударып, білім саласында орын алған реформалар мен ұлттық бірыңғай тестілеудің өзгеше форматта өткізілетіндігі туралы да жан-жақты баяндап берді. Жұртшылық қашанда Елбасының жүргізіп жатқан салиқалы саясатын, батыл қадамдарын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Халық қалаулылары дәрігерлік амбулаторияның ішін де аралап көрді.
Кездесу соңында «Казгородок ТV» телестудиясының тілшілері Хайратбек Асылбек пен Шпирер Кирилл халық қалаулыларынан  сұхбат алды. Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары мектеп ұжымы мен  оқушыларға ыстық ықыластарын білдіріп, игі тілектерін айтты.
Сондай-ақ, халық қалаулылары аудандағы сапарлары барысында «ҚазгерҚұс», «Сапфир Beef» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде болып, ондағы жұмысшылардың хал-ахуалымен, кәсіпорындардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар