Астананың шекарасы кеңейтілді

Астана қаласының шекарасы өзгертілетін болды.
Жуырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес бас қаламыздың шекарасы оның шегіне Ақмола облысы Целиноград ауданы жерінің 8 719 гектарын қоса отырып, кеңейтілетін болады.  
 
Түркіменстанда Президент сайлауы өтті

Түркіменстанның қазіргі басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші рет президент болып сайланды.
РИА Новости агенттігінің  хабарлауынша, жексенбі күні өткен және халықтың 97,27 пайызы қатысқан сайлауда ол дауыс берген сайлаушылардың 97,69 пайыз дауысын жинаған. Ал, жалпы, бұл сайлауға қазіргі президенттен басқа тағы 8 үміткер қатысқан.

Алматы облысында
жер сілкінді
 
 Жердің дүмпуі 2017 жылдың 13 ақпанында 06 сағат 14 минутта тіркелді.
 Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3.8 MPV. Тереңдігі – 5 шақырым. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.    

Мақта тергізуден
бас тартты

Өзбекстанда бұрын мектеп оқушыларын мақта теру жұмыстарына қатыстыратын.
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) өз бақылауы нәтижесінде 2016 жылы ел үкіметінің  балаға мақта тергізуден бас тартқанын анықтады. Осы халықаралық ұйымның есебінде былтыр бала еңбегін пайдалану жағдайы тіркелмегені айтылған. Оның есесіне студенттер, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер әлі де мақта теруге мәжбүр.

11 мың босқын Еуропаға жеткен

2017 жылдың басынан бері осынша босқын Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өткен.
Бұған дейін 2016 жылы осы теңіз арқылы Еуропаға өткісі келген бес мың мигранттың қаза тапқаны, ал, 363 мың адамның Еуропа елдеріне жеткені туралы хабарланған еді. Мальтада өткен ЕО мемлекет басшыларының саммиті Орталық-Жерорта жолдары арқылы мигранттардың ЕО-ға заңсыз келуін тоқтату үшін Ливияға көмек беру туралы шешім қабылдады. Қазір Ливия Еуропаға мигранттар өтетін негізгі ел болып отыр.

17 миллионнан аса
бала туған

2020 жылға қарай Қытайда халық саны 1,42 миллиард адамға жетеді.
 Бұл – елдің денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу ісі бойынша ұлттық комитетінің мақсаты. Өткен жылы мұнда бала туу көрсеткіші бейнелеп айтсақ, біздің еліміздің халқының санына шамалас болған көрінеді.

Тазарту жұмыстары
әлі жалғасуда

Түркияда тағы 4464 мемлекеттік қызметші жұмыстарынан кетті.
Бұл туралы Resmi Gazete газетіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлады. Түркияда 2016 жылғы  16 шілдеге қараған түні әскери төңкеріс орын алған еді. Оның салдарынан 240-тан астам адам қаза тапты. Елде төтенше жағдай енгізіліп, Гүленнің (FETO) ұйымына қатысы бар деген күдікпен 43 адам тұтқындалды, 93 мыңға жуық мемлекеттік қызметші жұмысынан қуылды. Енді міне, бес мыңға жуық адамға тағы тазарту жүргізіліп отыр.

Кения көмек сұрады

Бұл елде құрғақшылыққа байланысты ауыр жағдай қалыптасты.
Қызыл Крестің бағалауынша, 2,7 миллион  халыққа азық-түлікпен көмек керек. Елде құрғақшылықтан жер жарылып кеткен, бұған қоса, егістіктің тоқсан пайызына жуығына шегірткелер қаптаған. Жалпы, шығыс Африка елдерінде 40 өңірдің 23-іне көмек қажет.
Inform.kz. Bag.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар