Жақсылық жасай білейік

Қосшы ауылында аудандық іскер әйелдер қауымдастығының ұйытқы болуымен  «Жақсылық жаса! Твори добро!» қайырымдылық балы болып өтті.

Аталмыш шараның мақсаты медициналық көмекке зәру балаларға мекен-жайы бойынша көмек көрсету болып табылады.  Оған аудан әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті кәсіпкерлер және аудандық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері атсалысты. Балға қатысушылар алдында аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев сөз сөйлеп, шараның маңызын атап өтті.
– Бұл аудан үшін маңызы зор мәдени шара. Қайырымдылық шарасын көмекке мұқтаж жандардың жағдайларына бей- жай қарамайтын белсенді азаматтар мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ғана жүзеге асыруға болатыны сөзсіз. Бүгін соның куәсі болып отырмыз. Біздің қайырымдылық шарасын өткізудегі ұсынысымызды құптаған азаматтарға айтар алғысымыз зор, – деді аудан әкімі өз сөзінде.
Целиноград ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззәт Қонарбаеваның айтуына қарағанда, шара барысында 1,5 миллион теңге қаржы жиналған
Түскен ақшаның 400 мың теңгесі медициналық көмекке зәру балаларға, 500 мың теңгесі «Болашақ» қоғамдық бірлестігіне, қалғаны «Батыр» қоғамдық бірлестігіне бөлінді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар