Жыл сайын – 100-ден астам ота

 

Қазіргі таңда туберкулезді кешенді емдеу кезеңінде диагнозды уақытында анықтау үшін химиотерапиямен қатар,  хирургиялық әдісте қолданылады.
Сонымен бірге, өкпенің қабынуы пайда болғанда және анықталмаған этиологияның экссудативті плевриті бар ауруларға диагноз қоюда аталмыш тәсіл тиімді. Өкпе туберкулезінің әдеттегі формалары ретінде жиі қолданылатын хирургиялық емдеуге туберкулема, каверналы және фиброзды каверналы туберкулез
аурулары жатады.  
Өкпенің цирротикалық зақымдануы, өкпе қабының эмпиема туберкулезі, лимфалық түйіндердің ыдырап-шіріп зақымдануы, казеозды пневмония  кезінде хирургиялық емдеу сирек қолданылады.
Туберкулезге қатысты оталардың басым көпшілігі көбінесе, жоспарлы түрде орындалады, алайда, кей кездері кейінге қалдырылмайтын және төтенше түрде жедел араласу көріністері орын алуы мүмкін. Туберкулез қатты асқынып кеткенде, интенсивті химиотерапия аясында және қайталанып өкпеден қан кету кезінде ота жасау жүзеге асырылады.  Шұғыл ота жасауға профузды өкпеден қан кету, пневмоторакс көріністері жатады. Мұндай жағдайда, ота әрине, аурудың өміріне қауіп төнуін болдырмау мақсатында жүргізіледі. Бұл әдістің кері әсер ететін тұстары бар, ол адамдардың дем алу, қан айналымы, бауыр мен бүйректің жұмыс істеу функцияларының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Бүгінде облыстық диспансердің өкпе-хирургиялық бөлімшесі хирургиялық ота жасауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Хирургиялық отаның барлық түрін жасауға мүмкіндік бар. Жыл сайын жүзден астам науқастың өкпесіне ота жасалады.

Нұрлыбек СЕЙТЕНОВ,
диспансердің өкпе-хирургиялық бөлімшесінің
меңгерушісі, фтизиохирург.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар