Мемлекеттік рәміздер – қасиетті құндылығымыз

Облыстық ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздерді қолдану және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Формасы, пішіні мен техникалық шарттары» ҚР СТ 98-2014 стандартын енгізу жөнінде брифинг болып өтті.

 

Брифингте облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің бас маманы Нұрлан Сейдалин сөз сөйлеп, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі» Конституциялық заң бо-
йынша мемлекеттік рәміздердің негізін түсініп, қолдану үрдісін анықтайтын негізгі құжат аясында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. 1992 жылдың 4 маусымы мемлекетіміздің тарихына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні ретінде енді. Бұдан бері ҚР Мемлекеттік рәміздерін қолдану аясында тәртіп пен жағдайға түсінік беретін көптеген нормативтік актілер қабылданды. Аталмыш заңға сәйкес, мемлекеттік елтаңбаға қойылатын ұлттық стандарттағы талап міндетті болып табылады. Елімізде Мемлекеттік Ту мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау мен қолданудың формасы мен өлшем талаптарына үш мемлекеттік стандарт пайдаланылады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық талаптар» СТРК 98-2007 стандарты ҚР Мемлекеттік Туының суреті бейнеленген материалымен және рәміздің элементтерімен  ҚР Мемлекеттік Туын дайындауға жалпы техникалық талаптар қояды. Мәселен, тудың ені мен ұзындығының сәйкестігіне, материалдың түсіне, рәміздердің элементтеріне, бояудың сапасына, материалдың мықтылығына ерекше назар аударылады. 2012 жылдың маусымында стандартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Материалға байланысты рәміз элементтерінің түс гаммасы ұлғайтылды. Тудың сабын ағаштан, металл мен пластикадан дайындауға талап қойылды. Нұрлан Сейдалин одан әрі мемлекеттік елтаңбаның стандарты жөнінде айтып берді. Жұмыс тобымен 2014 жылы СТРК 989-2014 мемлекеттік стандартының жобасы жасалып, мақұлданды. Жаңа стандартта мемлекеттік елтаңбаның өндірісін жақсарту қарастырылған. Бұл стандарт 2017 жылдың 1 шілдесінде қолданысқа енгізіледі.
Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Оксана Салахова мемлекеттік рәміздердің тарихы жөнінде айтып берді. 1992 жылдың басында Мемлекет басшысы жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдау үшін жұмыс комиссиясын құрды. Конкурсқа мемлекеттік тудың 450 нобайы және 140 хат ұсынылған екен. Нәтижесінде сәулетші Уәлиханов бастаған суретшілер мен дизайнердің нобайы бекітілген. Кейін өзгертулер енгізілген. Мемлекеттік елтаңба конкурсына 254 нобай мен 87 хат ұсынылыпты. Олардың арасынан Жандарбек Мәлібеков бастаған суретші-дизайнерлердің нобайы таңдап алынған. 2006 жылы мемлекеттік Әнұран өзгертілді.
– Басқарма мемлекеттік рәміздердің орналасуы мен пайдалануына бақылау жасап, заң бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Мемлекеттік рәміздер Астана қаласында жасалады. Рәміздерді сатып алу мемлекеттік сатып алу тәртібімен жүргізіледі. Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен бірге барлық қазақстандықтардың санасына мемлекеттік рәміздер мәртебесін нығайту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде, – деді бөлім басшысы.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар