Терендез – армяндардың ұлттық мейрамы

Көкшетау қаласындағы «Ани» мейрамханасында армяндардың   «Терендез» ұлттық мейрамы  аталып өтті.

Облысымыздың аумағында  қазір 250-ге  жуық армян ұлтының өкілдері өздерінің тілі мен дінін берік ұстанып, салт-дәстүрін насихаттауда.   
«Терендез»   мейрамының  атауы  ежелгі заманда   «дерендез» деп   аталған екен.  Армян халқы христиан дінін қабылдағаннан соң, бұл мереке «Терендез» деп  өзгертіліпті. Бұл сөз  армян тілінен аударғанда «Құдайға жақындау» деген мағынаны білдіреді. Мереке негізінен отбасылық құндылықтарды  дәріптеуге бағытталған.  Содан болар оған негізінен жаңа отау құрған ерлі-зайыптылар мен жастар қауымы қатысты.   
Мейрамханада  тойланған   мерекеде   армян жастары  аулада   оттан секіріп, салт-жораларын жасады. Ал, үлкендер қауымы оларға бидай дәндерін шашып, жақсы тілектерді айтты.  Бұл салттың  мәні –  жастардың құрған шаңырағында молшылық, береке болсын деген ырым екен. Содан  шырақ сөнген кезде, оның қалдықтары мен күлін күзде жақсы өнім болады деген сеніммен егістік алқабына  шашады. Іс-шараға жиналған жұртшылыққа  армян  ұлтының қолдан жасалған тәттісі – гата таратылды. Бұдан соң қатысушылар қызыл ленталарды жақсы тілектерді айта отырып бұтақтарға ілді.  
Бұдан соң, мерекеге қатысушылар аталмыш мейрамханаға кіріп, ұлттық  тағамдар жайылған дастарханнан дәм татып, мерекелік концертті тамашалады. «Бари» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Рузанна Дегоян жұртшылықты атаулы мерекемен құттықтады.

      «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар