Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

 «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №1309 Қаулысына сәйкес Жаңа жылдан бастап зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің мөлшерлері артатын болады.

Зейнетақы алушылардың, оның ішінде, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельегерлік қызметтің  арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы төлемдерінің  мөлшері 9 пайызға өседі.
«2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы №259-V Заңы бо-йынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
– зейнетақының ең төменгі мөлшері – 23 692 теңге, базалық зейнетақы төлемі – 11 182 теңге болады. Сонымен, 2015 жылға зейнетақының ең төменгі төлемі (зейнетақы ең төменгі мөлшеріне базалық зейнетақы төлемін қосқанда) –  34 874 теңге болып белгіленеді.
– жаңа тағайындалған зейнетақы мөлшерлерін есептеу үшін ең жоғары табыс 81 262 теңге немесе 41 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде бекітілді.
– мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланыс-ты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 21 364 теңге болып белгіленді. Айлық есептік көрсеткішіне сүйене отырып, 1 982 теңге мөлшерінде бекітілді (жерасты және ашық кен жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардың №1 және №2 тізімдері үшін).
Сонымен бірге, бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы – 62 255  теңгені, 31,41 айлық есептік көрсеткіш құраса, төртінші және одан кейінгі балаға – 103 758 теңге, 52,35 айлық есептік көрсеткіш төленеді.
Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы мөлшерлері бірінші балаға – 11 417  (5,76 АЕК), екінші балаға – 13 498 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 15 559 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 17 640 теңге (8,90 АЕК) болмақшы.
Оған қоса, жеңілдіктер орнына төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар үшін АЕК сүйене отырып, 1 982 теңге  мөлшерінде белгіленді. Сондай-ақ, мүгедек баланы (балаларды) асырап отырған ата-анаға және асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшерінде (1,05 АЕК) – 22 433 теңге төленетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №1308 қаулысына сәйкес әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға өседі.      

Жанар ЕРЖАНОВА,
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтың облыстық филиалы
директорының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар