Әуе рейстері қалпына келтіріледі

Көкшетау əуежайы халықаралық бағыттағы əуе рейсін қалпына келтіретін болады.

Əуежай басшыларының мəліметі бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында Шымкент-Көкшетау-Шымкент əуе рейсін қайта ашу жос-парланып отыр. Әуе рейстері аптаның жұма жəне сенбі күндері «SCAT» əуе компаниясы» акционерлік қоғамының 50 жолаушыға арналған «CRJ 200» əуе кемесі арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 21 мамырынан бастап, Мəскеу-Көкшетау-Мəскеу бағытындағы халықаралық əуе рейсі де қалпына келтірілмекші. Бұл рейсті Домодедово әуежайынан «S7 Airlines»  əуе компаниясының «Airbus A319» əуе кемесі жүзеге асырады. Әуе билетінің құны  48-50 мың теңге көлемінде.
Қазіргі кезде Көкшетау əуежайы республика ішіндегі Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттары бойынша аптасына екі рет авиарейстер қамтамасыз етілуде. Ұшу кестесі Көкшетау қаласынан сапарға шыққан жолаушыларға қолайлы болуы үшін Ақтау, Алматы жəне Шымкент əуежайлары арқылы Солтүстік Кавказ, Ресейдің оңтүстік аймақтары, Түркияға ұшатын уақытқа сəйкестендірілген.
Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар