Соңғы астронавт

Таяуда АҚШ-та 82 жастағы астронавт, Ай бетiне қонған соңғы адам ретiнде белгiлi Юджин Сернан қайтыс болды, – деп хабарлады NASA. Астронавт өз отбасында көз жұмған.

 

Юджин Сернан мен геолог Харрисон Шмитт 1972 жылы желтоқсанда Айда үш тәулiктен астам уақыт болып, сол мерзiм iшiнде үш рет Ай бетiне шыққан. Ол Аполлон-11 миссиясының командирi ретiнде Ай бетiне шыққан он бiрiншi адам
болды.
Сернан ғарышқа үш рет ұшты. 1966 жылы ол ашық ғарышқа шыққан екiншi америкалық астронавт атанған.
Юджин Сернан 1976 жылы NASA-дан бизнеске кетiп, АҚШ телеарналарында комментатор болып қызмет iстедi. 2016 жылы оның өмiрi туралы «Ай бетiндегi соңғы адам» деп аталған деректi фильм шықты.
Ұлыбританиядағы Оксфорт университетiнiң философия факультетiне қарасты институттың зерттеушiлерi ғылыми баяндама жасады. Онда ғалымдар тобы «адамзаттың жойылуына себепкер болуы мүмкiн» деген оқиғаларды атап өттi.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар