Денсаулық болса, бәрі болады

Өңірде 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.  Бұл орайда, осы бағдарлама мәресіне жететін 2015 жылдан да үміт мол.  

Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылында жобалау-сметалық құны 1,36 миллиард теңге тұратын жаңа емхана пайдалануға берілді. Облыс бойынша 23 денсаулық сақтау нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Аршалы, Бурабай, Ақкөл, Жарқайың аудандарында дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттердің жөндеу жұмыстары аяқталды. Өткен жылы республикалық, облыстық бюджеттен 900 миллион теңге қаржы бөлініп, ауруханалар мен емханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Республикалық, жергілікті бюджет есебінен  640,1 миллион теңгеге медициналық жабдықтар мен 18 санитарлық автокөлік сатып алынды. Қазіргі таңда медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету 65 пайызды құрайды.
Астанаға жақын орналасқан аудан тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін санитарлық авиация бөлімшесі ашылды. Атқарылған іс-шаралар аясында халық денсаулығының оң индикаторлық көрсеткіші байқалуда. Жалпы, өлім-жітім 10,1 пайызға төмендеген. Туберкулез 24,2 пайыз, қан айналым жүйесі аурулары 22,7 пайызға төмендеген. Қатерлі ісіктен өлім-жітім 12,4 пайызға азайып отыр. 2013 жылы ана өлімінің 4 оқиғасы тіркелсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш екі есеге төмендеген.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда аурудың алдын алып, диагностикалық, профилактикалық жұмысты жандандыру мақсатында облыстың медициналық мекемелері жұмыла жұмыс істеуде. Медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз етіп, оның сапасын жоғары деңгейге жеткізу күн тәртібінде тұрған мәселе.
2015 жылы халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 1,3 миллиард теңге қарастырылған. Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға республикалық бюджеттен 394,1 миллион, жергілікті бюджеттен 711,6 миллион теңге қаржы бөлінеді.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңінде тұрғындардың денсаулығын нығайтуға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар