Шерге бөккен шығарма

Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай, «Достар» мәдениет сарайында шара болып өтті.

Оған Ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметшілер мен мектеп оқушылары қатысты. Облыстық  ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері ұйымының төрағасы Дуанбай Ыбырай  Ауған соғысы ардагерлерін айтулы датамен құттықтап, жүрекжарды тілегін айтты.
22 мың қазақстандық Ауған соғысына қатысты. Біздің облысымыздан да 18-20 жас аралығындағы 1113 жігіт майданға аттанды. Соның 915-сі ғана туған елге оралса, алпыстан астам жауынгердің сүйегі жат жерде қалды, ал, 3 жерлесіміз хабарсыз кетті.
Ауған соғысының ақиқаты әлі ашылып біткен жоқ. Жылдан-жылға  соғыс жайлы  тың деректер мен естеліктер жазылуда. Белгілі публицист Әлия Ахетова Ауған соғысының ардагерлері  жайлы баспадан жаңа шыққан «На той войне незнаменитой» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Кітапқа әр жылдары басылым беттеріне шыққан мақалалар, ардагерлердің естеліктері, ой- толғаулары топтастырылған. Автор бұл жинағын Ауған соғысына қатысқан барлық ардагерлерге арнапты. Кеш барысында Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың Алғыс хатымен Наурызбек Сейітжанов, Ерік Ғазизов, Бесбай Әбутәліпов, Иван Полетаев тәрізді ардагерлер марапатталды.
Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Назгүл Рабилова.

Суретте: ауған соғысы туралы кітаптың авторы Әлия Ахетова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар