«Балапан» – бала бастауы

Биыл да баса көңіл бөлінетін осы аттас бағдарламаның арқасында өңірде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері көбейе түспекші.

«Балапан» бағдарламасы бойынша 2010 жылдан бері 293 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылған. Оның ішінде 77 бала бақша мен 34 жекеменшік бала бақша, мектеп жанынан ашылған 216 шағын орталық бар. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша 18426 орын ашылған. Бұл өз кезегінде 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 58,4 пайыз, 3-6 жастағы балаларды 89,5 пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мектепке дейінгі білім беруде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытуға ерекше мән берілуде. Екіжақты өзара әріптестік аясында  жекеменшік бақшалар мен шағын орталықтардың үлесі 8 есеге артқан. Серіктестіктің бұл түрі Көкшетау, Степногорск қалалары мен Целиноград, Бурабай, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Егіндікөл, Зеренді Қорғалжын аудандарында кең қанат жаюда.
Қазіргі таңда облыста 540 мектепке дейінгі ұйым тіркеуде тұр. Онда 62278 бала тәрбиеленуде. Жоспар бойынша былтыр 2873 орынға арналған мектепке дейінгі 26 мекеме ашылған. 12 бала бақша пайдалануға беріліп, 1535 бала бақшамен қамтамасыз етілді. Көкшетау қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында 80 орындық мектепке дейінгі мекеме, «Жайлау» шағын ауданында 240 орынға арналған бала бақша, Атбасарда 320 орынға арналған оқу-тәрбие кешені мен Тайтөбеде 140 орынға арналған бала бақшалар пайдалануға берілді. Степногорск қаласы мен Целиноград ауданында 595 орынға арналған 6 жекеменшік бақша ашылды. Сондай-ақ, Бұланды, Аршалы аудандарының Тастыөзек, Ижевск селоларында екі бақша жөндеуден өтіп, қалыпқа келтірілді.
Облыс бойынша 361 орынға арналған 14 шағын орталық Степногорск қаласы мен Аршалы, Астрахан, Сандықтау, Бұланды, Еңбекшілдер, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Целиноград аудандарында  іске қосылды. Жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі мекемелер кеңейтіліп, 1000-ға тарта орын ашылды. Астрахан ауданына қарасты Старый Колутон, Целиноград ауданының Софиевка селоларында бала бақшаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 2015 жылы іске қосылатын болады. Жалпы, биыл осындай 33 мекеме ашылып, қосымша  2730 бала бала бақшамен қамтамасыз етіледі.
Өткен жылдың соңғы мәліметі бойынша 24007 бүлдіршін мектепке дейінгі мекеме кезегінде тұр. Оның ішінде 16785-і қалалық жерде, 7222-сі ауылда. Жалпы бір жасқа дейінгі 5488 бала кезек күтсе, 1-3 жас аралығында – 11653, 3-6 жас аралығында 6866 бала бақша кезегінде тұр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар