Нұрсұлтан Назарбаев пен Кәріпбек Күйіков бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды

Базель бейбітшілік кеңесі ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «АТОМ» жоба-сының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынды.

Бұл жайында антиядролық қозғалыс белсендісі өзінің Фейсбуктегі парақшасында «ағымдағы жылы мен Кәріпбек Күйіков пен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігерлері үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсындым», – деп жазды. Алин Варе көрсеткен сілтемедегі сыйлыққа үміткерлер шорт-парағында Назарбаев пен Күйіковті ұсыну британдық саясаткер Билл Киддтен түскен. Өтінімде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан көшбасшысы ретінде 22 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастамалар қабылдағандығы айтылған. Президент ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу процесіне ықпал ететін бірқатар бастаманы қабылдауды жалғастырып келеді. Ал, Кәріпбек Күйіков жетекшілік ететін «АТОМ» жобасы әлемді ядролық қарудан азат етуге бағытталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар