Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің институты

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынастарды сақтап қалу үшін қоғамдық институт құру мәселесі туындап, жаңа қоғамдық құрылым – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Жиырма екі жыл ішінде бұл құрылым мемлекетімізде ұлтаралық тіл табысушылықты қамтамасыз етуге және қазақстандық жолды айқындауға мүмкіндік берді. Бүгінде мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі, шекаралық тұтастығы, саяси тәуелсіздігі, адамдардың теңдігі секілді жоғары құндылықтарын сақтап қалу әлем елдерінің көбінің қолынан келе бермейтін жағдай болып отыр.  

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы тәуелсіздік жылдарында толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастыру негізінде айтарлықтай даму эволюциясын басынан өткерді. Ұлттық саяси мәселелерді жинақтай келе, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы сессиясында оның нақты және әділ принциптерін анықтап берді, соның негізінде институт құрылды. Ондағы ең маңызды принциптердің бірі – ымыраға келу, ұлттық мәселелерді әділ шешу, қоғамдық тұрақтылық, заңның үстемдігі, мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту және белсенді интеграциялық  саясат болды.
Бұл принциптерді тұрақты қолданудың нәтижесінде Қазақстан этникалық және дінаралық қайшылықтарға жол берген жоқ, жаңа реформалар іске асырылып, мемлекетте экономикалық дағдарыс болмау үшін шет елдермен байланыс орнатылды, әлемдік қоғамдастықтың мойында-уына қол жеткізді.
Қазіргі таңда Қазақстанның мақтанышына айналған ынтымақ пен бірлік, бейбітшілік пен келісім, саяси және қоғамдық тұрақтылық –  мұның барлығы ұлтаралық және этносаралық қарым-қатынас моделінің дұрыс құрылғандығының айқын көрсеткіші.  Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық серпінді дамуы – бірін-бірі толықтыра түсетін бір процестің екі жағы іспеттес. Бір жағынан қарама-қайшылықтардың орын алмай, толеранттылықтың сақталуы экономикалық өсімге және саяси тұрақтылыққа жағдай туғызады, әсіресе, кейінгісі алдыңғысының орын алмауына негіз болады.  Бір қарағанда, осыншама өзіндік және қарапайым, әлемде ешбір баламасы жоқ қазақстандық модель құрудың мәні – этникалық, конфессиялық, мәдени әр алуан қоғамның берік орнатылған бірлігіне негізделген. Бұл мемлекеттің әрі қарай дамуы үшін берік негіз бола алды. Бұл жағдайда Қазақстан халқы Ассамблея-сы этносаралық қарым-қатынастарды дамытуға жаңаша қырынан келуді белгілейді.  Бүгінде Ассамблея қоғамда әлеуметтік-саяси және этникалық интеграцияны қамтамасыз етудің танымал механизміне айналып отыр. Этносаралық қарым-қатынасты саясиландырмау институттың маңызды қызметі болып табылып, мемлекетте тұрақтылықтың нығаюына оң ықпалын тигізеді.
«Әр алуандылықпен бірлікке» формуласы қазақстандық этносаралық қарым-қатынаста нақты жұмыс істейтін формулаға айналды.  Қазақстан халқы – бұл әр алуандықтың нақты, толық, тірі бірлігі, толықтай бір ағза іспетті. Ол неғұрлым бай болса, соғұрлым оны құрайтын бөлшектері әр алуан болып келеді. Сондықтан, біртұтастықты қатар сақтауымыз қажет.
Мемлекет дамуының жаңа кезеңдеріне сай Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының ел халқына жолдаған Жолдауларында көрсетілген міндеттер мен мемлекеттік стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылуына, егемен Қазақстанның басты құндылығы – бірлігі мен тұтастығын нығайтуға өзінің елеулі үлесін қосып келеді. Бұл қоғам және мемлекеттің болашағы алдында тұрған зор міндет пен үлкен жауапкершілік.
Ұлт Көшбасшысы әр жылғы Жолдауларында мемлекет пен әрбір қазақстандық үшін дағдарысқа қарсы нақты іс-әрекеттер мен бағдарлар жоспарын көрсетіп беруде, ондағы басты құрауыш – қоғамның  бірігуі мен бірлесе қимылдауы.
Бүгінгі күнгі экономиканың аласапыран өзгерістері – біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың кемелділігіне, тұрақтылығына жасалып отырған емтихан тәрізді. Біз барша халық болып осы кезеңнің тегеурініне қасқайып, қарсы тұруымыз қажет.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, толеранттылық пен төзімділік танытып, ұсақ  қайшылықтардан құтылу қажет деген сөздеріне құлақ түріп, бейбіт күнде өмір сүруге шақырады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған басты міндеттерінің бірі – біздің ортақ үйімізде, елімізде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету. Бұл бұрыннан айтылып келе жатқан нәрсе емес, ол – тұрлаусыз әлемдегі салмақты жетістік.
Көпұлтты және алуан конфессия-лы Қазақстанның берекелігі, саяси және экономикалық тұрақтылығының сақталуы, толеранттылығы – мұның барлығы тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген жетістіктер және бүгінде біз онымен мақтанамыз. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқы өздерін саналы және дәстүрлеріне мығым ел ретінде көрсетті.  Қазақстандықтар мәдениеті мен діни ұстанымдары, тілдері әртүрлі болса да, бірыңғай қазақстандық халық болып бірлігін сақтай алды. Қазақстандықтар үшін бірыңғай азаматтық, этностардың теңдігі мен бірлігі келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып кеткен.
Бейбітшілік, достық, келісім! Бір қарағанда, бұл сөздер қысқа болғанымен, олардың мағыналарына көп ұғым сыйып кетеді. Және бұл адамдардың мейірімді қарым-қатынасын бұзбай, сақтап қалу үшін көп нәрсе істеуді талап етеді. Халықтар бірлігі қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ғана емес, сонымен бірге, мәңгі құндылығы болып табылады.
Өткен жыл барлық қазақстандықтар үшін ерекше болды. Біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялағанына 25 жыл толғанын салтанатты тойының куәгерлеріміз. 25 жыл ішінде тарихи дамуда айтарлықтай алға басушылық бар, қазақстандықтар күшті, серпінді, заманға сай мемлекет құруда Ұлт Көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен бірлесіп еңбектенуде. Өткен жылдар да мемлекет үшін ерекше маңызға ие болды. Егемен мемлекет болып ішкі және сыртқы саясатымыз бен экономикамыз қалыптасты, өзіміздің мемлекеттік Ата Заңымыз бен заңнамалық актілеріміз қабылданып, мемлекеттік валюта қолданысқа енгізілді.  
Қазақстан жеке мемлекет болып қалыптасқан күннен бастап өзге мемлекеттермен көршілес достық қарым-қатынас орната алды. Бүгінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың белді мүшесі, экономикасы дамыған және шаруашылық әлеуеті жоғары, халқының өмір сүру деңгейі лайықты қамтамасыз етілген, қазіргі заманға сай демократиялық мемлекет. Барлық әлем алдында Қазақстан – ұлы халық және алып мемлекетке айналған ынтымақтастықтың алтын көпірі.  
Еліміздің жетістіктері тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген сындарлы саясатының арқасында мүмкін болғандығын атап өткен жөн. Ол тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы  деп айтуға  болатын тұлға.  
Қазақстан мемлекеттік құрылымы сапалы жаңа кезеңге шығуда, оны Мемлекет басшысы енгізген 5 институционалдық реформаларға көшу әрекеті дәлелдеп отыр. Жалпыұлттық патриоттық «Мәңгілік ел» идеясы Ұлт жоспарының базалық векторы, оның негізінде ұлттың бірыңғай болашағы қалыптастырылып, әлемнің дамыған 30 озық мемлекеттерінің қатарына қосылу жатыр. Қазақстандықтардың алдында әлі де көптеген жаңа және қасиетті де лайықты «Мәңгілік ел» идеясы жолында жүзеге асырылатын жетістіктер күтілуде.
Біздің күшіміз – біздің ортақ дәстүрлеріміз бен ортақ тарихымызда, бүгініміз бен болашағымызда. Қазақстан халқы махаббат пен достықтың, сенім мен Отанымыздың тыныштығында өмір сүріп, Қазақстан халқының бірлігі сақталсын. Алдағы жылы да еліміз толайым табыстарға жетеді деген сенімдемін.

Юрий ТИМОЩЕНКО,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар