7 қаңтар Рождество мерекесі

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар, қымбатты жерлестер!

Сіздерді адамдардың жүрегіне ізгілік пен мейірімділіктің нұрын сеуіп, жарқын қуанышқа бөлейтін православие христиандарының айшықты мерекесі – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің елімізде барлық дін өкілдерін ортақ мүддеге жұмылдырып, әр түрлі діни конфессиялардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасалып отыр.
Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біздің мемлекетімізде этносаралық және конфессияаралық келісім нығая түсті.
Екі онжылдық ішінде Қазақстан әлем қауымдастығы мойындаған қуатты мемлекетке айналды. Біздің  Ақмола облысы да  экономикалық және әлеуметтік сала бо-йынша қомақты көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, жаңа еңбек жылына да қадам басып отыр. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмысшылар мен қызметшілер, білім және денсаулық сақтау қызметкерлері, басқа да салаларда еңбек ететіндер сүбелі үлес қоса алды. Біз мұндай жетістікке бірлік пен патриоттық сезімнің арқасында қол жеткіздік. Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлем дін басшылары съезін өткізетін бұрынғысынша дәстүрлі орда ретінде танылып отыр.
Ақмола облысындағы діни ахуал барлық дін өкілдерін ортақ мүддеге жұмылдырған, тұрақтылық пен азаматтық ынтымақтастық жарасым табуда. Рождество мерекесі жаңа 2015 жылдағы жоспарымыз бен үміттеріміздің орындалуы үшін біздерге күш-қуат берсін. Ақмолалықтар  үшін экономикамызды одан сайын нығайтатын, барлық өңір халқының тұрмыс жағдайының артатын уақыты болатынына сенімдімін.
Рождество мерекесімен құттықтай отырып, шын жүректен жаңа жылда әрбір ақмолалықтардың ойлаған армандары мен үміттері орындалуға жазсын. Әр отбасында молшылық, бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрсын. Сіздердің туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, ал, балаларыңыз бен немерелеріңізге мол қуаныш сыйласын.
Сіздерге бақыт, зор денсаулық, жарқын өмір тілеймін, қымбатты жерлестер!  

Құрметті  жерлестер!
Баршаңызды ізгіліктің шуағын шашып, мейірімділіктің нұрын себетін православие христиандарының Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан – азаматтық келісім, саяси тұрақтылық, тату көршілік және барлық дін өкілдері өзара ынтымақтастықта тұратын мемлекеттің үлгісі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында әр түрлі діни конфессиялар қызметіне барлық жағдай жасалып, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту да ерекше назарда ұсталады. Бүгін православие дінін ұстанушылармен бірге, осы мерекені біздің көпұлтты еліміздің барлық азаматтары ыстық ыждаһатпен қарсы алып отыр.
Рождество – бұл отбасында жақсылық пен өзара түсінушілік жағдайын сақтайтын, ертеңгі күнге деген сенімділікті нығайтатын, әр адамды рухани  тазартатын адамгершілік пен ізгілік мерекесі. Рождество мерекесі сіздерге барлық жарқын үміттеріңіз бен жоспарларыңызды іске асыруға күш беріп, әр адамның жүрегінде халыққа, өз еліне деген махаббатты нығайтып, әрқашан ортақ мүддеге жұмылдыра берсін.
Баршаңызды осынау мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасының амандығын тілеймін. Рождество мерекесі құтты болсын!
Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар