Кәсіпкерлер құқы қорғалады

Облыстық прокуратурада өткен жылы өңір кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг болып өтті.

Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл шараға облыс кәсіпкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Брифингте сөз алған облыс прокуроры Мұратбек Исадилов  прокуратураның алдында тұрған мемлекеттік органдардың қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауын тұрақты қадағалау, мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының әрекеттерін үйлестіру, кәсіпкерлер құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және олардың қызметіне ретсіз араласуды болдырмау сияқты міндеттерге тоқталды. Бұл бағытта жуырда облыстық прокуратура мен облыстық кәсіпкерлер палатасының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып,  коммерциялық мақсаттағы нысандарға  қызмет көрсету үшін кәсіпкерлік субъектілеріне жер телімдерін пайдалануға құқық беру тәжірибесіне талдау жасалды. Облыс орталығына  қатысты қолдағы мәліметтер  қаланың бас жоспарында кейбір бөліктердің, яғни, жер телімдерінің ескерілмегенін көрсетіп отыр.  Талдау барысында осы жер телімдеріне байланысты кәсіпкерлерден келіп түскен елу өтініштің қаланың кейбір аудандарында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының жоқтығынан қанағаттандырылмағандығы анықталды. Тексеріс нәтижелері бойынша қаланы толық жоспарлаудың алты жаңа жобасын қосу бойынша облыс әкімінің атына аталған олқылықтарды жою жөніндегі нақты ұсыныстар енгізілді.
Облыстық кәсіпкерлер палатасымен жасалған уағдаластық аясында өңірдегі кәсіпкерлер құқықтарын жан-жақты қорғау бойынша  жиырмадан астам тексеріс пен талдау жүргізілді. Сол тексеріс нәтижелері бойынша  мемлекеттік органдар атына заңсыз актілер мен шешімдерге оннан астам наразылық, аталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде жеті ұсыныс енгізілді.
Екі мүдделі орган алдағы уақытта да жеке сектордың заңды құқықтарын қорғау  бойынша түйткілді мәселелерді шешу бағытында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайын қарастырмақ ниетте. Брифингке қатысқан кәсіпкерлер өздері кезігіп отырған қиындықтарды ортаға салып,  осы іске прокуратураның араласуын сұрады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар