Мешіттен кейін шіркеу құрылысы

Облыс әкімі Сергей Кулагин  Көкшетау қаласындағы «Архистратиг Михаил приходы» шіркеуінде болып, христиан дінін ұстанушыларды Рождество мерекесімен құттықтады, діни конфессияаралық келісімнің  қоғамдағы алатын орнын жоғары бағалай келе,  жиналғандарға  ізгілік пен бақыт тіледі.

Жер жүзіндегі мемлекеттердің жартысын қамтитын бұл діни мейрам көпұлтты және көпконфессиялы қазақ жерінде де өз деңгейінде дәстүрлі түрде аталып өтілуде. Бұл әрине, жаһанның діні мен тілі, түрі бөлек дін көшбасшыларының басын бір дөңгелек үстелге жиып, адамзат баласын күрмеуі қиын ортақ мәселелерде уағдаластыққа келуге шақырып отырған ел Президенті   Нұрсұлтан Назарбаевтың  көрегендігінің арқасы. Татулықтың негізін толеранттылық пен төзімділіктен іздеген жұртымыз осынау алмағайып заманда  бейбітшілік пен келісімді, мызғымас бірлікті сақтай түсуге  мүдделі. Бұл мәселелер Рождество мерекесі күні облыс орталығындағы православ шіркеуінде болған кездесуде баса  айтылды.
Елімізде діни конфессиялардың жұмысы ойдағыдай жүзеге асырылып, халықтың сенім мен наным бостандығына қол жеткізіп отырғандығына ерекше тоқталып өткен өңір басшысы Сергей
Кулагин мереке күні шіркеуге жиналған жұртшылықты мейрамдарымен құттықтап, олардың отбасыларына амандық тіледі.
– Біз айналадағы қантөгіс пен соғыстан еліміздің аман болуы Ұлт Көшбасшысының сан ұлттың арасындағы ынтымақ пен өзара түсіністікті сақтай білген бейбітсүйгіш саясатының арқасында мүмкін болып отыр. Бұл мейрам осы достығымызды одан әрі нығайта түсері сөзсіз, – деді өңір басшысы өз сөзінде.
Кездесуде Көкшетау және Ақмола епархиясының эпископы Серапион  сөз алып, мейірімділік, ізгілік пен өзара достыққа шақыратын бұл мейрамның мән-маңызы мен  Елбасының осы салада жүргізіп отырған сарабдал саясатының елдегі бейбітшіліктің берік іргесін қалыптастырып отырғанына тоқтала келе, атау-
лы мерекемен құттықтады. Ол сондай-ақ, аймақтағы православ христиандарына жасалып отырған ерекше қамқорлықты тілге тиек етті. Эпископ  көкшелік православие христиандарына аталған шіркеудің тарлық ететіндігін жеткізді. Осы орайда, сөз алған өңір басшысы  кезінде жүз адамды да жинау қиынның қиыны болған храмға бүгінде құлшылық етушілердің лық толып, сыймай жатуын жақсылыққа балады. Облыс әкімі дінге сенушілердің қоғамда тек жақсылық пен игілікті насихаттайтындығын баса айтты. Ал, жаңа шіркеу мәселесіне келсек, Сергей
Кулагин оның тек жаңа мешітті пайдалануға  бергеннен кейін ғана қолға алынатынын айтты. Биыл 500 адамға арналған осы жаңа храмның қаланың қай тұсынан орын тебетіндігі нақтыланып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленетін болады.
Эпископ Серапион  мереке күні шіркеуге келіп, христиан дінін ұстанушы қала тұрғындарын Рождествомен құттықтаған аймақ басшысы мен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевқа  осы діннің православие тармағындағы барша жамағаттың атынан ерекше ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Бұдан кейін облыс әкімі Сергей Кулагин шіркеудегі жексенбілік мектептің шәкірттеріне тәттілер үлестірді. Бұл күні ғибадатханаға келген әр адам қолдарына шырақ алып, Жаратқан иеге құлшылық етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар