«Өзіңді туберкулезден сақта!»

Осындай тақырыпта Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай, облыс орталығындағы №1 емханада дөңгелек үстел болып өтті.

Отырыста туберкулез дертінің жасөспірімдердің арасында  көбейіп бара жатқандығын дәрігер Камила Шаяхметова нақты деректермен айта кетіп,  одан сақтану жолдары жайлы түсіндіріп берді.  
Көп жағдайда  туберкулезге шалдыққан  адамдарды мамандар   флюорографиялық тексеру барысында анықтайды.  Ал, кейінгі кезде кейбір  ата-аналар осы дертке қарсы  балаларына екпе жасатуға   қарсы болып отыр. Бұл дәрігерлерді  алаңдатып отырған жағдай.  Осыдан бірнеше жыл бұрын  сегіз айлық балаға екпе  егілмегендіктен бала туберкулез  минингитіне  ұшырап, қайтыс болған екен. Көп жағдайда діни наным-сенімдер мен  қазіргі екпелерге  сенімсіздік білдіргендіктен кейбір ата-аналар  екпе жасауға қарсылықтарын білдіріп жатады. Мәселен, Валерия Савинова есімді келіншек өз баласына екпе жасатпайтындығын айтты. Себебі, оның түсінік-пайымы бойынша егер баланың маңдайына сол дертке ұшырау жазылып тұрса, ол бәрібір ауырады, – деп өз ойын білдірді.   Бала – біздің болашағымыз десек, оның ертеңгі өміріне  дәрігерлер ғана емес,  ата-анасы да  жауапты екенін ұмытпасақ  ләзім.

Назгүл Рабилова.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар