Кәсіби біліктерін жетілдіруде

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы  төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсартуды жүзеге асыру шеңберінде облыстағы мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өздерінің білімдерін белсенді түрде жетілдіріп келеді.

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде бұл үшін барлық жағдай жасалған. Қызметкерлердің білімін жетілдірудің ерекше тәсілдерінің бірі – қашықтықтан оқыту болып табылады.
Ведомствода мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарының қызметкерлері үшін нұсқаулы оқытулар өткізудің жоспары әзірленді. Соған сәйкес экономикалық зерттеу, салық және кедендік одақ қызметінің қызметкерлері өздерінің біліктілігін арттыруда.
– Мұндай қашықтықтан оқыту сабақтары тәжірибелі қызметкерлермен бірге, жұмысқа жаңа орналасып, тәжірибе жинақтап, енді ғана дағдыланып жатқан жас мамандарға аса пайдалы, – деді Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов интернет арқылы байланысқан бейне-конференцияда.
Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметкері.
Суретте: департамент қызметкерлері қашықтықтан оқыту сабағында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар