Өтініш-тілектерімен келді

Аудан әкімі Асқар Мұратұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Зеренді селосының бірнеше тұрғындары тұрғын үй жағдайын жақсартуға ықпал ету жөнінде өтініш білдірді. Барлық сауалдар бойынша түсінік беріліп, мемлекеттік тұрғын үй қорында бос тұрғын үйдің жоқтығы және пәтер кезекке сәйкес берілетіні жөнінде айтылды.  Аудан орталығында тұратын кәсіпкер өз ісін ұлғайту үшін жайылымдық жер беруді өтінді. Аудан әкімінің қабылдауына келгендер жазғы маусымда балалардың демалысын ұйымдастыру, Зеренді селосындағы қонақ үй кешені құрылысының мәселесі, Викторовка селосының қоғамдық моншасын пайдалануға беру, кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша комиссия жұмысы жөнінде сауалдар қойды.
Келген әр адаммен нақты әңгіме жүргізіліп, ұсыныстар жасалды. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кезінде тиісті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар