Жұмыссыздар саны азаюда

Облыста тұрмысы кедейшілік деңгейінен төмен тұрғындар  саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 120 адамға қысқарып, 449 адамды құрады.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметі осыны айғақтайды.  Жыл басынан бері облыста 1333 жаңа жұмыс орны ашылса, оның 1027-і тұрақты жұмыс. Жұмыспен қамту қызметі арқылы 1456 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл өтініш бергендердің 60,6 пайызы. Қоғамдық жұмыстарға 553 адам жіберілді.
Жұмыс іздеу клубының семинар сабағына 136 адам қатысты. Олардың 112-сі тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды. Бос жұмыс орындарының бес жәрмеңкесі өткізіліп, 108 жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 49 адам жұмысқа орналастырылды.
Сондай-ақ, «Тиімді жұмыспен қамту және жалпылай кәсіпкерлік» бағдарламасы аясында 2129 адамға техникалық және кәсіптік білім беру, «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1080 адамды кәсіпкерліктің негізіне оқытып, 514 адамға шағын несие беру жоспарланған. Аталмыш бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 91 адам жастар тәжірибесіне, 170 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар