Атына сай қайрат танытты

Туристік көпсайыс бойынша өткен ел чемпионатының кезеңдік жарысы және «Горизонт» кубогында ақмолалықтар жүлделі үшінші орыннан көрінді.

 

Жарысқа Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарымен қатар, Астана және Алматы қалаларынан жиналған 200-ге жуық адамнан  құралған  29 команда қатысып, бақ сынады. Жарыстың басты мақсаты – жастар арасында туризмді насихаттап, бұқаралық спортты дамыту болып табылады.
Сайыс «байланыс», «техникалық», «командалық» және «құтқару жұмыстары» тәрізді төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар үшін әр кезең тартысты өтті.
«Балғындар» тобында облыс намысын қорғаған «5 биіктік» командасы жүлделі үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздарға арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар