Ерлік жас талғамайды

Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Біз – Мәңгілік елдің іргетасын қалаушы Ұлы дала ұрпағымыз!» атты республикалық патриоттар форумы өтті.

  Форумға еліміздің барлық өңірлерінен келген  Жас патриоттар академиясының мүшелері, білім ордаларының басшылары мен қоғам қайраткерлері, ата-аналар қатысты. «Балдәурен» РОСО бас директоры Мұхитдин Төлепбай форумға қатысушыларды құттықтап, 2016 жылы
22 ақпанда құрылған Қазақстанның Жас
патриоттар академиясына  900-ден астам жас өреннің қабылданғанын және олардың бәрі  оқу мен қоғамдық ортада белсенділігімен танылып жүргенін атап көрсетті.
Форум шеңберінде өткен таңертеңгі  дене шынықтырудан басталған танымдық, мәдени-спорт шаралары, қолданбалы өнер, интеллектуалдық және білім байқаулары, пікірсайыс клубының мәжілістері, басқа да жиындардың тәлімі мол болды. Форумға қатысушылар бейбіт өміріміздің жас батырлары Ермахан Насихан, Бейбарыс Қайролла, Зейнеп Қабылбек, Никита Тюкин, Сатыбалды Данияр,
Мұхамедәлі Құрақтарға айрықша құрмет көрсетіп, сый-сияпаттар тарту етті. Аталған балалар өрт пен су апаттары кезінде көрсеткен батыл әрекеттері үшін «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ, Қарағанды қаласынан келген Асқар Жанатовтың әжесі, республикамыздың білім беру саласының үздігі Алтын Балтабаева, Қызылорда облысы Ақтан батыр ауылындағы мектеп директорының орынбасары Ардақ Сәрсенбаев, патриоттар академиясының мүшелері Алматы облысынан келген Гүлназ Қадырова, ақтөбелік Меруерт Әбдірова, ақмолалық Ермек Рашитов, петропавлдық Мая Әлиева қорытынды жиында сөз алып, өз пікірлерін ортаға салды. Республикалық жиында таңдаулы 14 оқушы Жас патриоттар академиясына мүше болып қабылданды.
Ботакөз АМАЛБЕКОВА,
форумға қатысушы жас тілші.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар