Сахновтың сара жолымен…

шаңғышылар шықты жарысқа

Сандықтау өңірі қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахновтай спорт саңлағымен танымал. Жыл сайын атақты спортшының арнайы жүлдесі үшін шаңғы жарысынан республикалық спартакиада өткізіліп тұрады.

Екі күнге жоспарланған биылғы «Ақ марафон» сайысына Астана, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Теміртау, Рудный, Көкшетау қалаларымен қатар, Шығыс Қазақстан облысынан, сондай-ақ, жергілікті Сандықтау және Бурабай аудандарынан ұзын саны 400-ге жуық спортшы қатысты. Классикалық жарыста ерлер шаңғымен 50, 20, 10 шақырымға жүріп өтсе, әйелдер 20, 10, 5 шақырым қашықтықтарда сынға түсті. Атап өтерлігі, бұл додада Алматы қаласында өткен 28-ші қысқы Универсиаданың қатысушылары Ольга Мандрика, Ринат Мухин сияқты танымал спортшылар да өзара бақ сынас-
ты. Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай қаласының спортшысы Виталий Пухкалов 50 шақырым қашықтық межені бағындырып, жүлделі 1 орынды жеңіп алса, жасөспірімдер арасында өткен шаңғы жарысынан 30 шақырым қашықтықта оза шапқан сандықтаулық Роман Еремин  жүлделі 1 орыннан көрінді. Қыз-келіншектер де сайыста есе жібермеді. Сандықтаулық Ольга Мандрика 20 шақырымдық қашықтықта жеңіс тұғырына көтерілсе, шығысқазақстандық Ульяна Удралионова өз қарсыластарынан үздік деп танылды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» іріктеліп, ақтық бәсекеде жүлделі орыннан көрінген басқа да спорт саңлақтары ұйымдастыру алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды.
«Ақ марафон» спартакиадасы аясында ауданда бұдан басқа да  бірнеше спорттық шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Үстіміздегі жылдың 8 сәуіріне дейін жалғасын табатын республикалық жарыстар аудан орталығында өтеді. Олай болса, Сахновтай әлем танитын спорт саңлағы дүние есігін ашқан Сандықтаудай киелі топырақта әлі талай спорт майталмандарының есімдері асқақталатын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар