Қазақстан мен Ресей тарихнамасындағы ерекше оқиға

Танымал тарихшы Қадыржан Әбуевтің «Шоқан Уәлиханов және оның замандастары» атты монографиясы ХІХ ғасырдың ортасындағы Қазақстан мен Ресейдің тарихы арқылы қарастыратын көпқырлы энциклопедиялық шығарма іспетті.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қадыржан Әбуев Шоқан Уәлихановтың шығармашылығы мен өмірбаянын, өмірлік жолын зерттеуші ғалым ретінде Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал. Жыл сайын университет қабырғасында өткізілетін дәстүрлі «Уәлиханов оқулары» атты халықаралық конференциясының белсенді ұйымдастырушыларының бірі.
Ғалымның ғылыми жұмыстарының жемісті кезеңдері еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін басталды. Өте күрделі өтпелі кезеңде ол өзінің ғылыми ізденістерінде бас-
ты бағдарларды айқындай алды. Кеңес дәуірінде тыйым салынған немесе бір бағытта зерттелінген тақырыптарға назар аударды. Оның ғылыми қызығушылықтары үнемі туған өлкесімен байланыс-
ты еді. Ғалымның басты назарында Абылай хан, Кенесары Қасымұлы, Шыңғыс Уәлиханов, Науан Хазірет сияқты тарихи тұлғалар болды. Нәтижесінде 1997 жылы оның «Көкшетау. Тарихи очерктер» атты еңбегі жарыққа шығып, аймақтың тарихы туралы құнды еңбекке айналып, қазіргі уақытқа дейін тек қана студенттердің ғана емес, мектеп мұғалімдерінің, ғылыми қызметкерлердің арасында үлкен сұранысқа ие. Ғалымның ғылыми жетекшілігімен 2010 жылы «Шоқан Уәлиханов» атты энциклопедия жарық көрді. «Шоқан Уәлиханов және оның замандастары» атты монографияны дайындауға көп жылдар қажет болыпты.
Бұл еңбек Қазақстан мен Ресейдің тарихнамасындағы ерекше оқиға болып отыр. Ш. Уәлихановтың көпқырлы тұлғасы ХІХ ғасырдың ортасындағы Қазақстан мен Ресей империясының кең ауқымды тарихында жан-жақты ашылды. Автор Шоқан Уәлихановтың өмірінің кейбір өзекті мәселелерін де тысқары қалдырмаған, дау-
лы сауалдарға байланыс-
ты өзінің айқын негізделген көзқарастарын айтқан. Кітапта Шоқан Уәлихановтың айналасында болған адамдарға да көп назар аударылған. Оның орыс демократиялық интеллигенциясымен тығыз байланыс-
та болғаны және оның тұлға ретінде қалыптасқан ортасы туралы барлық мағлұмат осы кітапта жан-жақты берілген. Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі, шығармашылығы толық сипатталады.
Кітап көптеген мұрағат деректері мен әдебиеттерді қолдану арқылы жазылған, негізгі тұжырымдар мен қорытындылар терең аргументтермен берілген. Бұл еңбек ХІХ ғасырдағы еуразиялық кеңістік мәдениетінің, ғылымының және қоғамдық-саяси тарихының көптеген аралас мәселелерін зерттеудің негізгі іргетасы болып табылады. Оқу үдерісінде өте пайдалы еңбек.
Әзірге кітап орыс тілінде ғана шыққан, жақында қазақ тіліндегі нұсқасы жарық көреді.

Гүлнәр ҚАЖЕНОВА,
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің
кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар