Ұлт мейрамын ұлықтаған

Ыдырысовтар әулеті көпке үлгі

 

Қыр көрпесі сырғып, көкбелдерде қызғалдақ бүр жарған тұста, қазақ халқы Наурыз мейрамын асыға күтетіні бар.    

 

Қалай дегенмен де, ұлық тұтатын ұлы мейрам, қазіргі таңда өз деңгейінде аталып жүрген жоқ. Бұл жөнінде газет бетінде де талай рет әртүрлі пікірлер жарияланып, жазылып та жүр. «Отан отбасынан басталады», – демекші,  әрбір адам өз ұлтының ұлттық құндылықтарын өзі өркендетіп, ең алдымен өзі ұлықтауы керек. Осы жағынан алып қарағанда есімдері облыс жұртшылығына жыға таныс Ыдырысовтар әулеті өзгеге үлгі боларлықтай өнегелі іс көрсетіп, игі бастаманы іс жүзінде жүзеге асырып жүр.     
Қазақ мәдениетінің жанашыры, Мұрат қажы Ыдырысовтың бастамасымен мінекей, бірнеше жылдан бері Көкшетау қаласындағы зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен, қазақтың Наурыз мейрамы барлық салт-дәстүрлерді жаңғырта отырып, аталып өтілуде. Сарыарқаның саумал төсінде, жер жаннаты Көкше жерінде тойланған бұл думанға қатысқан жандар бір-біріне жыл басы Наурыз қарсаңында игі, ізгі тілектерін арнады. Ұлттық киім киген қыз-жігіттер  өз өнерлерін ортаға салса, ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашып, қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті. Облысымыздың маңдайалды жезтаңдай әншілері әсем әндерді әуелетсе, ақын жігіттеріміз жыр оқыды. Атадан қалған байрағын жырдың көтеріп айтыскер ақындар сахнаға шыққанда жырсүйер қауым бір серпіліп қалғаны рас. Жиналғандарға  он табақ ас тартылып, ақ дастархан басында наурыз көже ішіліп, дуалы ауызды абыз ақсақалдар ақ батасын берді.    
Ұлттық ойындар ойнатылып, думан көрігі қыза түсті. Осы орайда айтпағымыз, бұл күнде дәулеті тасыса да, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын жандар кемде-кем. «Тегі жақсы тегін болмас» деген қазақ. Кәсіпкер Ораз Мұратұлының демеушілігімен өткізілген Нау-
рыз тойы көпшіліктің көңілінен шығуда. Қазақы қанында жомарттық, жүрегінде ұлттық намысы бар Ораздай өнегелі ұлдардың ұлағатты өнегесі өскелең ұрпаққа үлгі болуы керек.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар