Керек мамандықтарға оқытайық

Көкшетау жоғары колледжінде өткен республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысында техникалық және кәсіптік білім берудің мәселелері қаралды. Облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру мәселелеріне кеңінен тоқталып, кейбір өзекті жайлар туралы өз пікірін ортаға салды.
Алдымен, республикалық оқу-әдістемелік кеңес мүшелері жоғары колледждің білім беру бағдарламасының мәні және материалдық базасымен танысты. Бұл білім ордасы «Кәсіпқор» холдингісіндегі он серіктестік колледждің бірі болып табылады. Оқушылар  Ұлыбритания мен Австралияның компаниялары жасаған білім бағдарламаларымен оқытылады. Жоғары колледж 2011 жылдан бері халықаралық талапқа сәйкес, қолданбалы бакалавриат
бағдарламасымен жұмыс істеуде.
Колледжбен танысу жол мен құрылыстың арнайы тәртібі бөлімінің тәжірибелі оқытушысы Елена Чмелевскойдың тұсаукесерінен басталды. Педагог өз сөзінде «Автомобиль жолдары мен әуежай құрылысы» мамандығы бойынша кіші құрылыс инженерін даярлау кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатынын айтып өтті. Мұнда оқушылардың «AutoCad», «Sana», «Топоматик Robur-Автомобиль жолдары» бағдарламаларымен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
Геодезиялық материалдарды өлшеу зертханасы қазіргі заманғы геодезиялық аспаптармен жабдықталған. Электрондық және оптикалық теодолиттерді оқушылар тәжірибеден өту кезінде пайдаланады. Интернет технологиясы мен WEB-бағдарламалау зертханасында кеңес мүшелері «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша несиелік-модульдік оқыту жүйесімен бірге білім бағдарламаларын жасау жүйесімен танысты. Бағдарламалар жөнінде оның авторы әрі ақпараттық жүйе бөлімінің меңгерушісі Геннадий Мергунов айтып берді. Бұл бағдарлама бойынша дәріс алатын шәкірттер жобалау, әкімшілдендіру салаларында және жасалған бағдарламаны тестілеу жөнінде білім алады. Өндірістік оқыту дайын өнім шығатын оқу-өндірістік шеберханаларында ұйымдастырылған. Өндірістік оқытудың аға шебері Сергей Егоров колледж меймандарын ағаш өңдейтін және балташы-столяр шеберханасының жұмысымен таныстырды.
Оқытушылар мен оқушылардың инновациялық технологиямен оқытудың және ғылыми жобаларының тұсаукесер көрмесінде оқулықтар, әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, цифрлық білім беру ресурстары, қолданбалы бакалавриат бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары ұсынылған. 42 оқытушы сарапшылармен, оқулықтардың авторларымен, оқу-әдістемелік кешендерімен және цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс істейді. Олардың көбі педагогикалық инновацияның халықаралық сертификаттарының және республикалық, облыстық кәсіптік конкурстарының жеңімпаздары. Шәкірттер электрондық кітапхана, бағдарламалардың барлық тәртібі жөнінде электрондық оқу-әдістемелік кешенін, оқытудың бағыты бойынша мәлімет базаларын, ақпараттық анықтама мен іздеу жүйелерін пайдалана алады. Сондай-ақ, жоғары колледж республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхананы пайдалануда. Оқытушы Қазбек Мадғұлов инновациялық технологияны пайдаланудың тиімділігін көрсетті. Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мүшелері сандық бағдарламамен басқарылатын өңдеуші орталығы бар оқу-өндірістік орталығының жұмысымен таныс-ты. Орталықтағы мұндай қазіргі заманғы қондырғы Орта Азияның техникалық және кәсіптік білім беретін бірде-бір оқу орнында жоқ. «Машина жасау» мамандығы бойынша кіші инженер-механиктер дайындаудың және станокта жұмыс істеуге үйретудің тұсаукесерін бөлім меңгерушісі Олег Ракецкий жасады. «Техникалық қызмет көрсету, автокөлікті жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша кіші инженер-механиктер даярлау барысында оқытудың жаңа қазіргі заманғы әдістері мен түрлерін енгізіп, қолдану жөнінде колледж директорының орынбасары Василий Гапеев айтып берді.
Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту департаменті директорының орынбасары, республикалық оқу-әдістемелік кеңесі төрағасының орынбасары Ернат Жүнісовтың төрағалығымен орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім берудің мәселесі бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы болып өтті. Кеңес отырысына Қазақстан Респуб-ликасы Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Кәсіпқор» холдингісінің өкілдері және он бір облыстың колледж директорлары қатысты. Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту департаментінің техникалық және кәсіптік білім беру әдістемесі басқармасының басшысы Қаламқас Алғазинова мемлекеттік білім беру стандартының жобасымен таныстырды.
Кеңес мүшелері бұл жобаны талқылап, өзгертулер мен толықтырулар енгізді. «Кәсіпқор» холдингінің дамыту және қамтамасыз ету басқармасының бас инженері Қымбат Шәріпова модульдік оқыту технологиясы бойынша типтік оқу жоспарының макеті туралы хабарлама жасады. Кеңес отырысы барысында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу үдерісіне енгізу үшін оқу әдебиеттерінің тізімі қарастырылды. Сондай-ақ, кеңес мүшелері Астана қаласындағы политехникалық колледждегі дуальді оқыту және Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледждің қолданбалы бакалавриат
бойынша мамандар даярлау экспериментінің нәтижелерімен танысты. Кеңес отырысы жұмысын қорытындылаған республикалық оқу-әдістемелік кеңесі төрағасының орынбасары Ернат Жүнісов еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыратын білікті мамандар даярлау қажеттігіне тоқталды.

 

Рамазан Тілеуов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар