Ойламаған жерден…

Державинск қаласында қайғылы жағдайдан екі жұмысшы опат болды.

Бейбітшілік көшесінің бойындағы №71 үйдің маңында жарылған су құбырын жөндеу барысында шұңқыр ішінде жұмыс істеп жатқан 22 жасар Б.Мырзабек пен 20 жасар Н.Оспановтың үстіне бетон плитасы құлаған. Оқиға орнына тиісті қызметтер дереу жетіп, екі жұмысшының да денесін сыртқа алып шыққанымен, ажалға араша түсе алмады. Аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев қаза тапқандардың отбастарына қайғырып көңіл айтты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар