Есеп берулердің нәтижесі нақтылы істерден көрініс табады

Еліміз бойынша қолға алынған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, ауылды дамыту, тұрғын үй құрылысының барысы  туралы тұрғындарды ақпараттандыру және адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ, алдағы уақытта да қоғамды ортақ мүддеге шоғырландыру мақсатында облыс өңірлерінде 2014 жылдың 13 қаңтарынан бас-тап 21 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен 692 есеп беру кездесуі өткізілді, оларға 67 525 тұрғын қатысты.

Есеп беру кездесулерінде 1790 адам сөз сөйлеп, 1069 ұсыныс енгізілді, мемлекеттік органдар басшыларының атына сын-ескертулер айтылған жоқ. Барлық 1069 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси тұрғыдағы ұсыныстар келіп түскен жоқ. 
883 (82,6 пайыз) ұсыныс пен ескерту бойынша түсініктеме беріліп,  оның 31-і (2,9 пайыз) облыс әкімдігінің қаулысымен бақылауға алынды. Олардың ішінде республикалық деңгейде шешілуге ұсынылғаны – 14, облыстық деңгейде шешілуге ұсынылғаны – 17. Оның ішінде 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орындалғаны – 14 (82,4 пайыз).
Өткен жылдың 1 қазанынан бергі кезеңде Степногорск қаласы бойынша 4 аула алаңына абаттандыру жүргізілді, бұған облыстық бюджеттен 60,0 миллион теңге бөлінді. Ал, Ақкөл қаласында су құбырын жаңғыртуды аяқтауға
(3-ші кезекте) облыстық бюджеттен 126,0 миллион теңге бөлінді. 2014 жылдың 13 қарашасында бұл нысан мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілді.
Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінің барысында тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстардың  орындалуы туралы  толық ақпарат облыс әкімінің сайтында орналастырылды. 
Николай ПОЛИТКИН,
облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы.         

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар