Брифинг

 Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстанда Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Сарыадыр кен орнында қоңыр көмірден отын және бензин өндіретін тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылады, – деп хабарлады Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы Технологияларды коммерцияландыру орталығының бас директоры Дамир Егізбаев Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Ерейментау жанындағы Сарыадыр көмір кенішінде қуаттылығы тәулігіне 0,8 тоннаны құрайтын тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылады, осы ретте сұйық отынның құны 1 литріне 42 теңгені көрсетеді», – деді Д.Егізбаев.
Оның айтуынша, жобаны 2013 жылдан бері көмір химиясы және технологиялар институты іске асыруда. Әлеуетті инвестор да табылған, ол жобаны сәтті жүзеге асырған жағдайда зауыт салуға 1 миллионға жуық доллар салуға дайын.
«Көмірді қайта өңдеу үдерісі дүниежүзі мамандарымен дайындалған, алайда қазақстандық ғалымдар бұл технологияны отандық қоңыр көмір ерекшеліктеріне сәйкес бейімдендіре алды, сондай-ақ, технологиялық үдерісті шапшаңдатып және отын бағасын төмендете алды», – деп баса айтты орталық басшысы.
Сондай-ақ, орталықтың қолдауымен 3D-принтерлердің өндірісі бойынша жоба жүзеге асырылады. Жасаушылар энергетикада изоляциялық материалдарды өндіру үшін пайдаланылатын жабдықты жеткізу бойынша алғашқы келісім-шартын жасап үлгерді.
«Елімізде осы жобаны жүзеге асырушылар сервисті де қоса жүзеге асыруды ұсынуда, яғни өндірісті, оқытуды, техникалық қызмет көрсету мен бағдарламалық қамтамасыз ету де қамтылатын болады», – деп баса айтты Д.Егізбаев.
Сонымен бірге, нарықтағы құрылғыларға қарағанда оның бағасы 20-30 пайызға арзан болады. Өнімнің негізгі пайдаланушылары стоматологиялар, оқу мекемелері, архитектуралық-құрылыс компаниялары болады деп күтілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар