Облыстық әкімдікте

Бар күш жұмылдырылсын

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен мәжілісте күзгі жиын-терімнің барысы және қысқы жылу беру мәселелері талқыланып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары мен облыстық құрылымдардың басшылары қатысты. Онда егін орағы науқанының барысы, экспортқа ет өнімдерін шығару, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы және қысқы жылу берудің барысы талқыланды. Бүгінгі күні облыс бойынша 3 миллион 400 мың гектар алқаптың егіні бастырылып, 4 миллион тоннаға жуық астық жиналды. Егін орағын Есіл және Атбасар аудандары бірер күнде аяқтауды жоспарлап отыр.
Осы ретте, облыс әкімі егін орағын тездетіп аяқтаудың мүмкіндіктерін қарастыруды және жылу беру маусымын ойдағыдай бастау үшін бұрыннан қордаланып қалған қарыздар бойынша жұмыс істеуді тапсырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар