Рахмет айтамын

Мен жуырда Астана қаласындағы «Ана  мен  бала»  ұлттық  ғылыми зерттеу орталығы-ның ортопедия бөлімшесінде ем қабылдап, сауығып шықтым.

Мен ем қабылдаған ортопедия  бөлімшесі 2007 жылдан бастап  жұмыс істейді екен. Орталықта маған бөлімше меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Болат Нағыманов пен ординатор дәрігер Мэлс Тегісбаев төрт жарым сағат ота  жасады. Мен  отадан қорыққан жоқпын, қорқынышымды жеңе білдім, себебі олар менің жүрегіме сенім ұялатып, алдын ала дайындады.
Жандары жайсаң ақ халатты абзал жандар өздерінің алдарына келген әр науқасқа қолдарынан келген көмектерін аямай, олардың сауығып шығуына жәрдемдеседі. Жүректерінің қалауымен таңдап  алған өз мамандықтарының хас шеберлері ғой. Мені осындай білімді дәрігерлер емдегеніне қуаныштымын. Онда мен сияқты Қазақстанның түкпір-түкпірінен дерттеріне шипа іздеп келген көп балалар болды. Олар әр балаға мейіріммен қарап, қуаныш сыйлады. Менің Мэлс ағай мен Болат ағайға айтар алғысым шексіз. Еміне шипа іздеп келген әр баланың ықылас қуанышына бөлене беріңіздер дегім келеді. Бұл бөлімшеде көптеген дәрігерлер мен медбикелер жұмыс істейді. Олардың да еңбегі елеулі.
Дәрігер  болу кез-келген адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Мен де болашақта мектепті бітірген соң, дәрігер болуды армандаймын. Өйткені, әрбір науқастың өміріне араша түсіп, өзімнің қоғамға бір пайдамды тигізсем деп ойлаймын.

Арайлым ҚАЙРОЛЛА, 
7 сынып оқушысы.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар